Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты

Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты

Инфекционистің айтуынша, вирусқа қарсы иммунитет небәрі үш ай сақталады, содан кейін адам қайтадан дертке шалдығуы мүмкін. Коронавирус эпидемиясы қазақстандықтардың барлығы дерлік ауырып шыққаннан кейін тоқтайды.  Жоғары санаттағы дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ғалия Жұманбаева NV.kz басылымына берген сұқбатында осындай болжам жасады.
Дәрігердің пікірінше, індеттен құтылу үшін ұжымдық иммунитет 70%-ке жетуі тиіс.
"Эпидемия ұжымдық иммунитет 70%-ке жеткенде, яғни халықтың барлығы дерлік ауырып шыққаннан соң тоқтайды. Бірақ, иммунитет бәрінде бірдей қалыптаспайды, мықты емес әрі ұзаққа созылмайды. Оның үстіне құрамында РНК бар вирустың мутацияларына бейімделіп үлгермеуі мүмкін. Осының барлығын ескеру қажет. Сол себепті шамамен үш айдан кейін азаматтар қайтадан ауыруы мүмкін, тиісінше, жаңа карантин жарияланады. Өйткені иммунитет орта есеппен 3 айға ғана сақталады", - деді Жұманбаева.
Дәрігер адамды вирустан не қорғайтынын айтты.
"Вирустан ең тиімді қорғаныш — біздің иммунитетіміз. Маска  — даулы тақырып. Мен көшеде бетпердесіз жүруге болады деп санаймын. Ал жабық кеңістікте, әрине, кию қажет", - деді инфекционист.
Осы орайда Жұманбаева коронавирус белгілері байқалатын пациенттерге кеңес берді.
"Босқа отырмай, тезі әрі интенсивті емделу қажет, вирустан үш қадам алда жүрген дұрыс. Пневмония кезінде дене қызуы, жөтел, қандай да бір ауру болмауы мүмкін. Ал компьютерлік томография өкпенің 60 пайызы зақымдалғанын көрсетіп жатады. Сондықтан барлық кешенді ем шараларын қабылдау керек", -деді дәрігер.

16 шілде 2020 ж. 1 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам