Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы: «Мені жұмыстың сапасы қанағаттандырды»

ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы: «Мені жұмыстың сапасы қанағаттандырды»

Республикалық бюджеттен  «Жол карталары» бағдарламарына сәйкес барлық өңірлерге 1 трлн қаржы бөлінген болатын. Қызылорда облысы осыдан 36 млрд қаржы алып, оны қала мен аудандарға бөліп берген. Қала 18 млрд теңге алған екен. Бұл қаржының мақсаты – жол, мектеп, аурухана, емхана, мәдениет үйлерін ағымдағы және күрделі жөндеу, аулалар мен елді мекендерді абаттандыру сияқты жұмыстарды іске асыра отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықты жұмыспен қамту.
Қараөзек, Талсуат ауылдық округтерінде, Тасбөгет кентінде салынып жатқан жолдардың сапасы көңілден шықты. Темір жол стадионы, И.Әбдікәрімов атындағы агроколлежд ғимараты күрделі жөндеуден өтуде екен. Осы аталған жұмыстарға 300-ден астам адам жұмысқа тар­тылған. Жалпы осы жұмыстардың сапалы жүруіне қоғамдық комиссия үнемі бақылау жүр­гізіп отырады екен. Мені жұмыстың сапасы қанағаттандырды. Ең бастысы, бөлінген қаржы ұрланбай мақсатты жұмсалуында ғой.
 Іс сапар барысында елдегі барлық қалаларды көріп жүрміз. Бірақ мен үшін туған қаламыздың орны ерекше. Қаламыз жылдан-жылға жақсарып, абаттандырылып келе жатқанын ешкім жоққа шығара қоймас. Қала – бәріміздің ортақ үйіміз! Таза ұстайық, жасаған дүниелерді сындырып, бұздыруға жол бермейік.

(«fasebook» парақшасынан алынды)
31 шілде 2020 ж. 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам