Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр еліне серпін берген жобалар

Сыр еліне серпін берген жобалар

Елорададан жеткен жаңалық сырбойылықтарды бір серпілтіп тастады. Анығын айтқанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қызылорда облысының даму мәселелері жөніндегі кеңесі Сыр елі үшін игі жобалардың жүзеге асатынынан хабардар етті.
Қызылорда облысын дамыту мәсе­лелері жөніндегі жұмыс тобы 100 млрд теңгеге 79 жобаға қолдау білдірді. Биыл өңірде 15,6 млрд теңгеге 42 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Жобалар тізімі Қызылорда су торабын қайта жөн­деуді бастауды, Қызылорда, Арал қалаларындағы және Тереңөзек кентіндегі сумен және электрмен жабдықтау жүйе­лерін дамытуды, «БЖК –2025» аясында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беруді және шағын несиелендіруді арт­тыруды, Қызылорда қаласындағы жаңа магистралды көшенің құрылысын жал­ғастыруды қамтиды.
Білім және ғылым министрлігі ха­лықтың әлеуметтік осал топтарына жа­татын отбасынан шыққан оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету аясында Үкімет резерві есебінен облыстың 34,7 мың оқушысы үшін компьютерлік техника сатып алынбақ.
2021 жылы 32 жобаны іске асыру жос­парлануда. Оның ішінде Ақбасты, Тоқабай, Абай, Төретам, Жанқожа батыр, Майдакөл елді мекендерін және Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту, Көкарал бөгетін, Күміскеткен және қараөзек су қоймаларын жаңғырту, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жетілдіру, Жалағаш кентінде газ құбырын және орамішілік газ желілерін салу, тұрғын үй және тиісті инженерлік-ком­муникациялық инфрақұрылым салу, соның ішінде Байқоңыр қаласында бес 50 пәтерлі тұрғын үй салу жобасы бар.
31 шілде 2020 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам