Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алманиядағы ағайын

Алманиядағы ағайын

Қазақтар Германия аумағына қырық жылдан астам уақыт бұрын көшіп кел­ген, бірақ олардың саны аз, шамамен 180 отбасы не­месе 900 адам. Жұмысқа қабылдау пункттерінен өткен қазақстандық иммигранттар Кельнге, содан кейін Батыс Берлинге, сондай-ақ Рур алқабындағы және Рейннің төменгі жағына жақын орна­ласқан бірқатар қуатты өнер­кәсіптік қалаға жіберілді.
Қазақ иммигранттары негі­зінен өнеркәсіпте және құры­лыста жұмыс істейді. Сондай-ақ, отандастарымыз тері өңдейтін және теріден бұйымдар тігетін шағын және орта бизнесті ашты. Кейбіреулер ұлттық немесе шығыс, көбіне түрік тағамдарын дайындайтын шағын кафелер ашты. Мұндай кафелер мен мейрамханалар тек Түркиядан келген иммигранттар арасында ғана емес, жергілікті тұрғындар арасында да үлкен сұранысқа ие.
Отбасылық қатынастарда, мысалы, Франциядағыға қара­ғанда, қазақтар консервативті. Олар Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан қалыңдық әкелуге тырысады. Түрік әйелдерімен некеге тұру жиі кездеседі, бірақ басқа ұлттармен неке жоқ.
Германияда 1997 жылы Мюнхен мен Кельнде жастар ара­сында мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу үшін екі қазақ қоғамы құрылды. «Азаттық» радиостанциясы Мюнхенде де жұмыс істейді.
Бүгінгі кейіпкеріміз Сүлейман Шатхам, Мюнхен қазақтары қауымдастығының мүшесі. Өзі туралы былайша толғанады:
«Менің атам және оның отбасы 1928 жылы туған жерінен кетуге мәжбүр болды. Бұрын олар Маңғыстау облысында тұрды. Большевиктердің дәулетті адамдарға және дін қызметкерлеріне керағар көзқараста болып, аяғы репрессия ұласты. Амал жоқ, елден қашуға тура келді. Босқындар Түркіменстаннан өтіп, Иранда қалуды ұйғарды. Мен өзім Иранда туып-өстім. 1979 жылы елдегі ішкі саяси жағдай өзгеріп, мен биліктің қудалауына ұшырап, Германияға көшіп келдім, ол жерде мен әлі тұрамын. 1987 жылы мен отбасын құрдым. Менің екі ұлым бар - Олжас және Абай, қазір екеуі үйленген. Үлкен келін клиникада жетекші стоматолог болып жұмыс істейді.
Ұлым Олжас Атырауда қазақ-түрік лицейін бітіріп, ҚазҰУ-да оқуын халықаралық қатынастар факультетінде жалғастырды. Өткен жылы Олжас Қызылорданың қызына үйленді. Қазір екеуі де Германияға оралды.
Мен Мюнхенде тұрамын, онда шамамен төрт жүз адамнан тұратын жүзге жуық қазақ отбасы бар. Бұл негізінен Түркиядан көшіп келген қазақтар. Олардың бәрі тілді, ұлттық дәстүрді біледі деп айта алмаймын. Көріп отырсыз ба, 83 миллион немістің қуатты ортасы кішкентай ұлттардың жеке басын жұтып жібереді.
1986 жылдан бастап мен мақсатты түрде қоғамдық жұмыс­тармен айналыстым. Біздің міндетіміз – Еуропада тұратын барлық қазақтың басын біріктіріп, өзара байланыс орнату. Қазақтар Еуропаның он елінде тұрады, ал ең үлкен диаспора Парижде шоғырланған.
Мен темір жол күзетінде 25 жыл қызмет атқардым. Қазір 62 жастамын, 67 жаста зейнетке шығамын. Германияда ең жоғары жалақы алатын мамандар – мұғалімдер мен дәрігерлер. Бұл қисынды: Мұғалім елдің болашағын тәрбиелейді, ал дәрігер халықтың денсаулығын сақтайды. Сондықтан, өздерінің міндеттерін кәсіби түрде орындау барысында олар тәуелсіз болу­лары керек. Бұл мамандықтарға түсу өте қиын, ал ең мық­тыларының ішінен жоғары оқу орындарына түсуге болады. Мұғалімдер мен дәрігерлерге деген қажеттілік әрқашан жоғары. Мен қазақстандық мұғалімдердің жалақысы жоғары емес екенін білемін, бірақ жағдай жақсарады деген үміт бар» деді.
Қ.Құрбан
11 тамыз 2020 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам