Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіптің көзін тапқан бақыттың өзін табады

Кәсіптің көзін тапқан бақыттың өзін табады


Кәсіпкерлік ел әлеуетін арт­тырып, экономикасын еселейтін сала. Қолыңда барыңды үйлестіріп, ұқсата білсең содан саған келер табыс мол. Бұрын үлкендеріміз «үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің бізге жақсы» деуші еді. Қазір осы сөзді «кәсіп ашсаң пайдасы өзіңе, өнімі еліңе» деп айтса келіп тұрғандай. Білесіз бе, бүгінде ең көп кәсіп түрін мейрамхана мен шағын цехтар құрайды. Алайда өңірімізде өнімді өзі өндіретін өндіріс орны жоқ. Сыр жерінде жеміс-жидектің кез келген түрі өсіп шығады. Бірақ, содан шығатын өнімді жасап дайындайтын бірде-бір орталық жұмыс істемейді. Дегенмен көрпесіне қарай көсіліп, қолына келгенін жасап жатқан жандар да жоқ емес. Қалада «Қарапайым зат­тардың экономикасы» бағдар­ламасы бойынша 31 жоба қолдау тауып отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орын­басары Бектас Нұридинов мәлімдеді.
Елімізде өңдеуші өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Үкі­метпен «Қарапайым заттар эконо­микасы» бағдарламасы іске асы­рылуда. «Қарапайым заттар эко­­­но­микасын» дамыту – бұл ішкі на­­­рықты отандық тауарлармен то­лықтыру, ең бастысы халық тұты­­натын тауарларды кеңінен қол­данысқа енгізу. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәйкес бағдарлама қаржысы 1 трлн. теңгеге дейін артып отыр. Оның ішінде 200 млрд. теңге ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге, 500 млрд. теңге ауыл шаруашылық өнім­дерін өндіруге және 300 млрд. теңге өңдеумен қызмет көрсету салаларына бағытталған. Бағдар­ламаның несие­нің пайыздық мөл­шерлемесін субсидиялау бағыты бойынша несие көлеміне шектеу жоқ. Кепілдендіру бағыты бойынша 3 млрд. теңгеге дейін яғни несиенің 50 пайызына кепілдеме берілсе, 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін 30 процентке кепілдеме беріледі. Аталмыш бағ­дарламада азық-түлік тауарлары, киім және аксессуарлар, үйге және кеңсеге арналған бұйымдар, құрылыс материалдары бойынша барлығы 46 тауар тобы ішінен 133 экономикалық қызмет түріне басымдық берілген.
– Қызылорда қаласында «Қара­пайым заттар экономикасын дамыту» бойынша жалпы құны 2 млрд. 529 млн. теңге құрайтын 31 жоба және ағымдағы жылы 391 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қолдау алды. Екінші деңгейлі банктермен қаржы ұйымдарында жоба құны 1 млрд. 360 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары қаралуда. Сонымен қатар, 290 млн. теңге құрайтын 4 жобаның құжаттары жинақталуда. Жоғарыда көрсетілген бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларға қалада орналасқан «Өндіріс» идустриялық аймағына орналастыруға мүмкіндік бар. Индустриялық аймақ бюджет қаржысы есебінен қажетті коммуни­кациялық инфрақұрылым­мен қам­тамасыз етілді. Кәсіп ашамын деген кез келген тұлғаға жол ашық.  Өткен жыл қорытындысымен қала кәсіпкерлерінің сұранысына сәй­кес, жерді жалға алу немесе сату жөнінде өткізілген аукциондар нәти­жесінде 34 кәсіпкерлік субьектіге 49 мың 600 шаршы метр жер учаскесі табысталды. Қазіргі таңда, қала аумағында кәсіпкерлерге ұсы­нылатын жер телімдері қоры жасақталуда. Алдағы уақытта заң талаптарына сәйкес берілетін болады, – дейді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Брифингте ҚР «Қар­жы нарығын рет­теу және дамыту агенттігінің» РММ бойынша Қызылорда қаласындағы өңір­лік өнімдер басқарма­сы­ның басшысы Азамат Мұханов тақырып төңірегінде баяндама жасап, халық игілігі үшін жасалатын кәсіп­керлік жұмыстарға қашанда зор қолдау болатынын атап өтті. 
Иә, экономикамыздың қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлік саласын қарқынды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдап, жаңадан жұ­мыс орындарын құру бүгінгі заман талабы. Қолға алынған жобаларды нәтижелі және тиімді жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұдайы бақылауда болып, қолдау көрсетілетін баса айтылды.
Қарапайым заттарды қажетсіз қалдырмай қарекет ету халық қазынасын қампайтады. Мәселен, балапан сатып алып үйіңде асыра, қалған ас ауқатты жей береді. Артық ақша сұрамайды. Өсіріп өнімін сатасың немесе ас қатыққа пайдаланасың. Міне, сенің ұтарың. Брифингте айтылған басты ой осыған саяды.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
15 тамыз 2020 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам