Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлем нарығын бағындырған «Абзал и К»

Әлем нарығын бағындырған «Абзал и К»

Жер – жомарт. Қасиетті жер-ананы қадірлеп, күтіп баптаған адам қашанда мол табысқа кенеледі. Өйткені «Еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек-ті. «Сыр күріші – ел ырысы» екені әмбеге аян. Бүгінде Ақмешіттің ақмаржаны әлемдік деңгейде танылып жүр. Бұл дала дарабоздарының еселі еңбегінің жемісі.
Қазіргі таңда Сыр күрішіне егін орағы түсіп, қырман толы алтын дән ел несібесін еселеуде. Өңірімізде күріш егумен көп жылдардан бері тұрақты айналысып жүрген «Абзал и К» компаниясы.
Сейсенбі күні Сыр салысын егумен айналысып отырған осы серіктестіктің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында осында бет алдық. Межелі мерзімде мекемеде болдық. Бізді компанияның коммерциялық директоры Сағидулла Сыздықов қарсы алып, тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жас келсе іске деген! Білім білігі мен қажыр қайраты толысқан тәжірибелі жас маман саладағы серпінді жұмыстарды жіктеп айтып берді.

Цифрлы зауыт
– Мұнда барлығы 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Яғни, 800 отбасы тұрақты жұмыспен қамтылған деген сөз. Мұнда жұмысшылардың басым бөлігі жастардан құралған. Барлығы да өз ісіне жауапты мамандар. Биыл дәстүр бойынша егінге орақ түсіру науқаны басталып кетті. «Мағжан и К» компаниясы ағымдағы жылы 5200 гектар жерге күріш дақылын еккен болатын. Бүгінде оның 1000 гектары орылып, 500 гектары бастырылды. 2000 тоннадайын қоймаға құйып алдық. Биыл 30 000 тоннадай өнім алу жоспарымыз бар. Үш зауытымыз жұмыс істеп тұр. Оның екеуі Оңтүстік Корея елінен әкелінген. Цифрлы технология тәсі­лімен басқарылады. Адам күшін қажет ет­пейді. Ең тиімдісі уақыт үнемдеуге пайдасы орасан зор. Соңғысы Германиядан әкелінді. Қазір күріш ақтап жатырмыз. Өнім мол шықса елдің ырзық несібесі артқаны деп білеміз, – дейді компанияның коммерциялық директоры Сағидулла Сыздықов.
Компания күріші әлемге әйгілі. Сыр мар­жаны дүниежүзінің 7 мемлекетіне экспорт­талады. Осы орайда, айта кететін жайт алынған өнімнің 50 проценті елде қалады. Бұл ел әлеуетін арттырудағы ауқымды жұмыстың бір тірегі саналады. Сыр елінің байлығы ақ күріштен мол өнім алып, оны қоймаға қабылдап аларда мамандар белсенділігі мен біліктілігі жоғары. Таза өнім өзімізден бөлек өзге елге сатылымға шыққанда сұранысы жоғары болады. Бұл бізге басымдық береді. Ауыл шаруашылығы саласы біздің негізгі тірегіміз саналады. Сондықтан оған қашанда қырағы қарау қажет.

Іздегені ізгілік, жасағаны жақсылық
«Абзал и К» компаниясы қайырымды­лықтан сырт қалған емес. Мұны ел біледі. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген даналық өсиет тегін ай­тылмаса керек-ті. Өзгеге қамқорлық көрсету, жанашырлық таныту жүректің тазалығына, адамның рухани байлығына байланысты. Бұл тұрғыда компанияның көтерген жауапкершілік жүгі ауыр. Тапқан табысының бір бөлігін аз қамтылған отбасы балаларына аударып, қажетті материалдық кө­мек көрсетіп келеді. Дүние­жүзін дендеген дерттен жанына шипа іздеген жандарға демеу­шілік көрсетіп, 5 тыныс алу аппа­ратын алып берген.
Тағы бір атап өтерлігі, компанияда қызмет атқаратын жас отбасыларға баспана мәселесін шешіп беру жағы да жақсы жолға қойылған. Жас маманның өз баспанасы болуына жәрдем жасап, қолайлы жақтарын қарастырады. Ал үйі бардың күйі қашанда келісті болары хақ.

Жас келсе, іске
Компания қызметкерлерінің басым бөлігі жалынды жастардан құралған. Ел болашағы білімді жастардың қолында деген Елбасы сөзінің серпінін осы ортадан айқын аңғаруға болады. Мұнда өзгелер секілді емес жұмысшы мамандарға деген көзқарас пен құрмет ерекше. Осында еңбек ететін ма­ман­дарды тәжірибе жинақтауға шет­елдерге жіберіп тұрады. Биыл ка­рантин бітсе өз­ге елдерге оқы­ту курстарына жол­дамалары әзір тұр. Демек «Еңбек ер еңсе­сін көтереді» де­ген тәмсіл сөз­дің астарында ала­сармас ақиқат жа­тыр.
Компанияда 2017 жылы құрылған «Жас мамандар кеңесі» бүгінде қарқынды жұмыстар атқаруда. Компания ұжымы жанынан құрал­ған кеңестің көкжиегі кең. Мәселе мереке күндерін елеусіз өткізген емес. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін жыл сайын Жеңіс күнінде құттықтап, жоғары деңгейде атап өтеді. Ардагер аталарға құрмет көрсетуді жас буын өздеріне өнеге тұтады. Ұжым арасында спорттық ойындар ұйымдастырып, демалыс күндерін тиімді өткізуді бағдар етеді. Сонымен қатар, қоғамдық іс шараларға да белсенді атсалысып келеді. Көктемгі және күзгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тия­нақты жүргізуді қолға алған. Барлығының бағ­дары еңбекке бейімделіп, отансүйгіштікке ұмтылу. Осылайша мұнда жастар бірлігі жақсы жолға қойылған.
Егіс даласындағы  еңбек дүбірі
Көктем шығысымен кетпен, күрегін қам­данып, дархан даланы дүбірге бөлейтін еңбек майталмандары ерекше құрметке ие. Жерге дән сеуіп, оны уақытында төкпей-шашпай жинап алу науқанына бүгінде егінші-механизаторлар қызу кірісіп кетті. Қала іргесіндегі егін алқаптарында қарқынды қарбалас тіршілік. Бірі күрішті орып, бірі бастырып, енді бірі егілген дәнді қамбаға тасып тынымсыз тіршілік тізгінінде.

Өнім көлемі  өңір көкжиегі
Мағжан Ералиев басқаратын «Абзал и К» компаниясы Ақмешіттің айдарына айналған күріштен мол өнім алып, ысы­рапсыз жинап алуға мүмкіншілігі жеткілікті екенін жеткізді.
Әлбетте өнім ысырапсыз қамбаға құйылғаны ләзім. Серіктестік диқандары жаз бойы талмай еңбек етіп, бір тамшы тер бір дән болып көгеріп, егіні бітік шығуына барынша күш жұмсамақ.  Ауыл тұрғындарының атакәсібін жалғастыру­ларына септігін тигізіп, жыл өткен сайын күріш егісінің көлемін ұлғайтып, жұмыс ауқымын жандандырып келеді. Бұл компа­нияның жұмысшыларға жасаған жақсы­лығының жемісі екені даусыз. Серіктестік мамандары Сыр салысын егіп баптаудағы жүйелі жұмыстар жақсы жолға қойылғанын айтып, жыл соңына дейін табыс тай­қазанын тасытатындарына бек сенімді екендерін жеткізуде.
Тілші түйіні
Күнделікті ас мәзірімізде күріштен жасалатын тағамдардың алар орны ерекше. Елімізде аймағымыздың палауын ерекше қадір тұтады. Өйткені, «Сыр күріші – ел ырысы» деген сөз бекер айтылмаған.
«Абзал и К» өнімі бүгінде әлем нарығында тауар өндірушілермен бәсекелесетін дәрежеге жетті. Компания күріші осылайша төрткүл әлемнің сауда орталықтары сөрелерінен өз орнын қалыптастырып отыр. Бұл біріншіден сапасы жағынан кез келген тұтынушының талғамына сай табылады. Сыр агроөндірушілері күріш дақылын әлемдік талапқа сай технологиямен ақтауды жүйелі жолға қойған. Компания ұжымы өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығару бағытында ізденісті жұмыстарын жетілдіре жүргізуде. Бұл еңбек өнімділігін еселеп, кәсіп көкжиегін кеңейте түсуде. Бұл еліміз үшін де үлкен жетістік. Енді міне, дала дарабоздарының еңбегі еленіп, марапат мінберінен көрінер «Алтын күз» мерекесі де жақын қалды. Сайын дала төсіндегі қызу тіршілік берекелі болып, ел несібесі артса  – ер еңбегі еленгені. «Абзал и К» ұжымының ұстанымы осы.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
Суретті түсірген. Н.НҰРЖАУБАЙ
12 қыркүйек 2020 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам