Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Құрылысы қарқынды Қызылорда

Құрылысы қарқынды Қызылорда

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағында қаланың Бас жоспарына сәйкес «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан  бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді.
Шаһар басшысы алдымен қаланың сол жағалауында бой көтерген нысандарға аялдады. Атап айтар болсақ, «Orda schooI» мектебінің маңына тоқтап, қаланың бас жоспарымен және сол жағалау аумағынан құрылысы жүргізілетін «Шығыс базары» жобасымен танысты. «Шығыс базары» алдағы жыл­дары межелі мерзімде аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған. Осы және өзге де жұмыстар жөнінде қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғабит Қожахметов кеңінен түсіндіріп, жұмыс барысын баяндады. Бөлім басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлығы белгіленген уақытта бітеді деп күтілуде.
Нұрлыбек Машбекұлы «Шіркейлі» каналының үстінен өтетін көпір құрылысының жүргізілу барысын бақылап, оң бағасын берді. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауы  жалпы көлемі 1 мың 532 гектарды құрайды. 2016 жылы Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын автомобиль көпірі пайдалануға берілген болатын. Бүгінде сол жағалауда 49 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарға табысталып, 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының тарихы мұражайы, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы,  320 орындық балабақша, облыстық жастар ресурстық орталығының ғимараты шаһар шырайын ашып, аймағымыздың ажарын арттыруда. Сондай-ақ, ұзындығы 102,8 метр, ені 21 метр құрайтын «Шіркейлі» каналы арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолмен байланысатын  төрт жолақты жол құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сай қыркүйек айының аяғында бітеді деп белгіленуде. Бұл болашақ ел игілігіне жасалған тиімді мүмкіндік алаңы болмақ.
Қала әкімі Н.Нәлібаев «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Денсаулық аллеясының» абаттандыру жұмысымен де танысты. 30 гектар аумаққа орналасқан «Қалалық денсаулық және демалыс саябағын» абаттандыруға «Бақ – Береке» ЖШС мекемесі тартылған.
– Бұл Сыр өңірінің салтанатына сән беретін ордалы орын болмақ. Жоспарға сай саябақтың 10450 шаршы метр аумағы көгалдандырылып, 20717 дана ағаш көшеттері мен 60 855 дана гүлдер егіледі. 30072 шаршы метрді құрайтын жаяу жүргінші және 4819 шаршы метр веложол, 12 дана спорттық ойын алаңы, 11895 метрді құрайтын аяқ су каналы жүргізіліп, 1502 метр қоршау, 394 дана түнгі жарық шамдары жүргізілген. 356 дана орындық пен арнайы қоқыс жәшігі орналастырылады. Өз қаражатымыз есебінен құрылыс жұмыстарын жүргіздік. Барлығы халықтың игілігіне жұмыс істесе, біздің мақсат сол. Абырой ортақ, ел ортақ. Сондықтан жұмысты сапалы орындауға бар күш жігерімізді жұмсадық, – дейді серіктестік директоры Қайрат Ерназаров.
Бұл ретте қала әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізген мердігер мекемеге ризашылығын жеткізді.
2012 жылы пайдалануға берілген «Сыр Ана»  монументіне ағымдағы жылы қала әкімінің қолдауымен қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Атап айтар болсақ, монумент аумағының 3 мың 150 шаршы метріне көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 2 заманауи су бұрқақ, жаяу жүргінші жолы, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарық бағаналары және 2 спорттық ойын алаңы салынды. Қала көркіне сән беріп тұрған «Сыр Ана» монументі көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналған. «Техоснастка – Ремсервис» ЖШС мекемесі 3150 аумақты көгалдандырып, 348 дана ағаш көшеттерін, 7900 шаршы метрге газон төсеу жұмыстарын жүргізді.
– С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырымды құрайтын магистралды жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. «МұнайГаз Инжинирниг» ЖШС жоба бойынша күре жол бойына 3 шақырымға жуық веложол мен жаяу жүргінші жолын және 3 автотұрақ, 4 аялдама орнатып, түнгі жарық шамдармен қамтиды. Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асқан жобаның бірі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары. 6 шақырымға жуық жол бойын көгалдандырып, тротуар салуды «Асанас – Дар» ЖШС жауапкершілікке алған. Мердігер жоба аясында 180 адамды жұмыспен қамтыған. Бұл аумақта 26 938 шаршы метр гүлзар, 41 527 шаршы метрді қамтитын  брусчатка, 19 797 метр аумаққа бордюрлар, 1231 кіші архитектуралық формалар (орындық, қоқыс жәшігі, жарықшамдар) 5 субұрқақ орнатылады. Абаттандыру жұмыстары Тасбөгет кентіне дейін жалғасады, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобил жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Елмұрат Рахматуллаев.
Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы облыстық көпбейінді басқармасы алдындағы құрылыс жұмыстарымен де танысты. Мұнда да жаяу жүргінші жолы мен су бұрқақ салынып, заманауи келбетте жаңғырған нысан маңы халықтың көз қуанышын еселеуде.
Осылайша шаһар басшысы бірқатар нысандарды аралап, қаланың Бас жоспарына сәйкес жаңартылып, жаңғыртылып жатқан жұмыстарға бағасын берді. Елдің игілігі үшін жасалған жұмыстардың сапалы болу керектігін қадап айтты. Тиісті сала басшыларына міндеттемелер жүктеп, жауапкершілікпен орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
15 қыркүйек 2020 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам