Сәулеті мен сәні келіскен қала
Баршаңызды сәулеті мен сәні келіскен, әсем қаламыздың төл мерекесі - қала күнімен қалалық мәслихат депутаттары атынан шын жүректен құттықтаймын!
Кез келген ел, кез келген ұлт өзінің Отанымен мақтанады. Сол секілді біздер де тереңнен сыр тартатын тарихи қаламыз, еліміздің алғашқы астанасы, Алаштың анасы - Сыр елінің бас шаһарымен мақтанамыз.
Біз барлығымыз бірігіп қасиетті өңіріміздің болашағы үшін атсалысып, жұмыс жасап келеміз. Соның нәтижесінде тарихы тереңге бойлаған қаламыздың кескін-келбеті заман талабына сай көркемделіп, сәулеті мен сымбаты көз тартып, көз алдымызда жасарып жайнап келеді. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз.
Екі ғасырлық тарихы бар қаламыздың болашағы бүгінгіден де жарқын бола берсін. Сүйікті қаламыздың одан әрі гүлденіп, әлеуметтік және экономикалық дамуына жұдырықтай жұмылып үлес қоса беруге баршаңызды шақырамын.
Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Ынтымақты - ұран, татулықты - ту еткен қазақ елінің абыройы арта берсін.
Мереке құтты болсын !
Құрметпен,
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы
Роза Боханова