Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіпкерліктің қарқыны қалай?

Кәсіпкерліктің қарқыны қалай?

Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетті болуы, бұл  ең алдымен елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Мәселен, дамыған елдердің экономикалық көрсеткішінің 60-70 проценті шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейімен өлшенеді. Бұл – бір. Екіншіден, жұмыссыздық мәселесін шешуде шағын бизнестің рөлі орасан зор. Сондықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында осы салаға ерекше тоқталып, көбірек қолдау көрсету керектігін ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік бас­қарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.  Осы орайда қаламыздағы кәсіпкерлік деңгейін бағамдап көрдік.
Қызылорда қаласында 25 мың 681 шағын кәсіпкер­лік нысаны­ тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрға­ны – 21526. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,5 процентті құрап отыр. Облыс­ көлемінде жұмыс істеп тұр­ған шағын және орта кәсіпкерліктің 46,6 проценті  Қызыл­орда қаласының үлесінде.
Қалада түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен өз шаруасын дөңгелеткен кәсіпкерлер жетіп артылады. Кейбірі мал басын асылдандырумен айналысса, енді бірі ауылшаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда.  Бүгінде шағын және орта бизнес тарапынан 51,8 млрд теңгенің өнімі шығарылып  5,7 процентке өскен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарында  49771 адам еңбек етуде.
Мемлекет ұсынған мүмкіндікті мүлт жібермегендердің саны жыл басынан бері 1244-ке жетіп, 1278 жаңа жұмыс орны ашылды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің ішінен айналымы 2 млн. теңгеден асатын субъектілер саны 18975 бірлікке жетті.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері құны 2 млрд 473 млн теңгені құрайтын 623 жоба қолдау тапқан. Ал «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы жыл басынан бері 385 млн 391 мың теңгені құрайтын 87 жоба қаржыландырылған.
Сондай-ақ бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыру бағытында 492 адамның жобасы қолдау тауып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант берілген.
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 33 жоба қаржыландырылған. 
Айта кетейік, жыл басынан бері 4573 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Қаладағы кәсіпкерлік саласы жыл санап дамып келеді. Бұған қоса жергілікті өнеркәсіп өнімі мен өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өзгеріс байқалады.
Жарасхан Қуанышбайұлы
29 қыркүйек 2020 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам