Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аралдың 6 жобасы қандай?

Аралдың 6 жобасы қандай?

Арал ауданы елдегі экономикалық-мәдени тірек саналады. Бүгінде өңір бойынша тұрғындардың тұрмыстық әлеуеті мен кәсіпкерлік деңгейін арттыру бағытында көптеген тың жоба жүзеге асуда. Биылдың өзінде мемлекеттік бағдарлама аясында шалғай ауылдарға ұялы байланыс жеткізу, ауыз сумен қамту, көшелерге жөндеу жұмысын жүргізу секілді жүйелі тірлік жасалды. Алдағы жоспар да орасан. Бұл туралы Арал ауданының әкімі Мұрат Оразбаев 8 айда атқарылған жұмыстарды
брифингте баяндады.
БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз конференциясында аудан басшысы жыл басынан бері тындырылған тірлікті тізіп, нәтижелі жемісімен бөлісті. Алдымен аудандағы экономикалық хал-ахуал айтылып, кәсіп­керлік көрсеткішті жеткізді. Мәліметке сәйкес, жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 10,4 млрд теңгеден астам өнім өндірген. Оның ішінде 504,9 мың тонна тұз қазылып, 162,6 мың тонна йодталған тұз, 3,5 мың тонна балық, 170 тонна ет, 452 мың тонна нан және нан өнімдері өндірілген болса, 67,5 мың текше метр кварц топырағы қазылған.
– Ауданда индустрияландыру бағдарла­ма­сының екінші бесжылдығы аясында 101,8 млрд теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Егер жобалар іске асқан жағдайда, 1389 азамат жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар бойынша­ 81 жоба толық қаржыландырылды. Ал 9 жоба қаржы институттары тарапынан мақұлданды. Мұның барлығы өңірдегі жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық жағдайдың жақсаруына жол ашпақ, – дейді аудан басшысы.
Мұрат Оразбаевтың тағы бір ерекше тоқталған саласы – ауыл шаруашылығы. Биыл ауданнан шығатын өнімдердің экспорты, даму көрсеткіші төңірегінде біршама өзгерістер орын алыпты. Мәселен, өңірде жыл басынан бері 3490 тонна балық өңделіп, 1526 тонна балық экоспортқа шығарылған.
– Ауыл шаруашылығы саласы да айтар­лықтай дамып келеді. Қазіргі таңда Ақбасты елді мекенінде екі бірдей балық цехы іске қосылды. Оның бірі аулаған балық қорын 100 тоннаға дейін сақтаса, екінші цех балық консервісін шығарады. Есепті мерзімде ауданнан 1374 тонна балық өнімі экспортталды. Өзбекстанға өткен жылдан бастап 215 бас түйе шығарылды. Оған қоса, жыл басынан бері Өзбекстанға «KZ-MBK» ЖШС арқылы 136 тонна I сұрыпты «Аралым» ұны және Германияғға 306 тоннадан аса қамыс жөнелтілді, – деді өңір басшысы.
Ауданда құрылыс қарқын алуда. 2,3 млрд теңгені құрайтын 14 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда бес елді мекенде биотермиялық шұңқырлар құрылысы толықтай біткен. Сек­сеуіл кентіндегі мектеп құрылысы мен Арал қаласындағы 10 тұрғын үй құрылысы мен №1 шағын ауданына су желісіне құрылыс-монтаж жұмыстары және Шөміш елді мекенін сумен жабдықтау желісін жөндеу жобасы жақын арада аяқталады. Сонымен қатар Арал қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, жаңа оқушылар үйінің және Сексеуіл кентіндегі аурухана құрылысы мен Қарашалаң ауылын  ішкі су құбырымен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Ал Шижаға елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы жақын арада пайдалануға берілмек. Әкім өз сөзінде:
– Аудан халқының талап-тілегін үнемі назарға алып отырамын. Соған сәйкес, жол жөндеу, газдандыру бағытындағы түрлі жоба жүзеге асырылды. Мысалы, биыл автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында «Ауылы – ел бесігі» бағ­дарламасы арқылы 3 жоба, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 3 шақырымнана аса жол жөндеу жұмыс қол­ға алынды. Сонымен қатар өткен жылы бастау алған «Ақпақ-Қаратерең» автожолының 2,5 шақырымы жөндеуден өтсе, 1,2 шақырым болатын «Самара-Шымкент-Бекбауыл» ав­тожолын­ да жөндеу жоспарлануда. Газдандыру бағытында да біршама жұмыстар жасалды. Биыл 50 жеке тұрғын үй «көгілдір отынмен»­ қамтылса, Жақсықылыш кентіне «көгілдір отын» жеткізілді. Газдандыру жұмысы аясында 57,7 шақырым газ құбыры тартылып, 1 газ тарату пункті және 4 шкафты газ тарату пункті орнатылды, – деді.
Өңір басшысы денсаулық сақтау, білім беру саласындағы жетістіктерді де тілге тиек етті. Аудан әкімінің сөзінше, оқушылар тасымалы үшін Қаратерең елді мекеніндегі №82 орта мектепке ПАЗ автокөлігі, Ақеспе ауылындағы №237 негізгі мектепке УАЗ автокөлігі сатып алынған.
Шалғай ауылдың мұқтажына айналған байланыс, интернет мәселесі де шешім таппақ. Жыл соңына дейін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 15 елді мекенді Kcell, Tele2 және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Ауданда атқарылған істердің жалпы көрсеткіші осыған саяды. Әкім алдағы уақытта қолға алынар жобалар мен экономикалық тың серпін беретін бастамалардың әлі жалғасатынын атап айтты.
Е.БАЛТАБЕКҰЛЫ
06 қазан 2020 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам