Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үш алыптың бейнесі

Үш алыптың бейнесі


Ескерткіштер – бүгінгі ұрпақтың өткенге құрметінің белгісі. Көше сәнін келтіріп, тағылымды тәрбиені санамызға сіңіре түседі. Бұл өнер туындылары жас ұрпақтың тарихын танып білуге оны қастерлеп құрметтеуге баулиды.
Ескерткіштер әрбір елдің тарихынан сыр шертер халықтың ұлттық байлығы. Сондай еңселі ескерткіштердің бірі – Сыр өңірінің орталығында орналасқан «Жазушылар композициясы».
Мұнда Қалтай Мұхамеджанов, Әбділда Тәжібаев, Зейнолла Шүкіровтің алып бейнелері сомдалған. 2003 жылы салынған мәдени ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілері тізіміне енгізілген.
Композиция шеңбер пішіндегі алаңда орналасқан. Диаметрі 16,5 метрді құрайды. Биіктігі – 0,45 метр. Тақтамен қапталған дөңгелек тұғырда отырған үш жазушының мүсіні өзіндік терең сырға толы. Олардың арасында металл үстел орнатылған. Бұл өзара кеңесіп отырған көріністің танымды тұсы.  Тұғырдың диаметрі – 6,5 метр, биіктігі – 0,6 метр. Мүсіндер бетоннан құйылған. Композиция толығымен күміс бояумен­ әспеттеліп боялған.
«Жазушылар композициясы» Сыр өңірінің рухани болмысы тәрізді. Өркениетті елдер алдымен тарихы мен мәдениетімен, тұлғаларымен танылады. Тұран төрінде тұғыр тепкен жазушылар композициясы жалпы қалам ұстаған қауымға көрсетілген құрмет тәрізді. Ел тарихын жазып, жырлап жүрген ақын-жазушылар бүгінде өздері тарихқа айналып, ұрпаққа мұра болып сақталуда. Үш алыптың еңселі ескерткіштері сан ғасырлық тарихы елдігіміздің ерекше қасиеттілігін көрсетеді.
Ескерткіштер – ел байлығы. Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан басталады. Бұл тарихи-мәдени мұралар куәсі. Тарихи ескерткіштер құнды деректер саналады. Ескерткіштерімізді дәріптеу арқылы тарихымыз жаңғырып, рухани қазынамыз толыға түсері хақ. Төл тарихымыз бен әдебиетімізге қатысты жауһарларды қарашығымыздай қорғау әрбіріміздің ұлт пен ұрпақ алдындағы перзенттік парызымыз. Ал әрбір жәдігер қайталанбас сәулет туындысы.
Т.ШАЙДУЛЛАҰЛЫ
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ
13 қазан 2020 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам