Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Біздің ауыл “Бәйтерек”, “Бәйтерекке” жол керек, тағы не керек?

Біздің ауыл “Бәйтерек”, “Бәйтерекке” жол керек, тағы не керек?

Жаяулатып жүріп келемін. Шалбарымның балағы көкала шаң. Ойдым-ойдым жолдар біріншіден, жаяу жүргіншіні діңкелетіп жібереді. Екіншіден, аяқ киімнің жауы. Оның үстіне қазіргі киімдерде қайбір сапа болсын. Әлсін-әлсін артыма қарап қоямын. Көз жетер жерде көлік көрінбейді. Өзім секілді әр жерде 2-3 адам келеді. Бәрінің базынасы жол жөнделсе...
Бұл – «Бәйтерек» шағын ауданы. Мұндағы тұрғындар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының бойынан бұрылған соң межелі мекенжайына маңдайыңның терін мың сыпырып әрең жетеді. Жазда құрылыс қарқын алып тұрған тұста әрлі-берлі қатынаушылар қатары көп еді. Соларға жағдай айтып, жақындап қалатынбыз. Қазір күн суытқасын қатынас азайған. «Жол қадірін жүрген білер...» деп  бұрынғы данышпан қариялар қалай дөп тауып айтқан десеңші.
№25 маршурт «Бәйтерек» мөлтек ауданының кіре-беріс беткейінде көп­­балалы аналарға берілген тұр­ғын үйлерге дейін барады. Оның аржағында қанша шақырым жерде бір қауым ел бар. Олар қала орталығына қалай қатынайды? Бұлардың да бұйымтайы бір басына жетерлік. Қала іргесінде орын тепкен десеңіз, құдды бір ауылдан ешбір айырмасы жоқ. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге халықтың көптеп орналасуына жол мен көлік қатынасының жоқтығы кедергі болып тұр. Ал тиісті сала мамандары халық әлде де орналасуы керек дейтін көрінеді. Сонда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Ой қорыту әр­кімнің өз еншісінде.
Қара жолдың азабы, кетірді әбден мазаны. «Бәйтерек» шағын ауданының тұрғындары осылай деп шағымдануда. Мұндағы жұртшылықты әбігерге салып отырған тек бұл ғана емес. Жергі­лікті жердегі тұрғындардың сұра­нысы мен мәселесі  мені бей-жай қалдырмады.
– Көлігіммен үйіме күніне 2-3 рет келемін. Айына 1 рет жөндетіп тұра­мын. Оңай емес. Темір тұлпарымыз жөндеу орталығынан шықпайды. Қа­жетті инфрақұрылымның болуы заман талабы. Ал шағын аудан ішіндегі мына жолдарды, жол деп айтудың өзі қиын. Кедір-бұдыр. Ойқыш-ойқыш. Қазіргі жағдайы осындай. Күн суытқанда  балшықтан, ал ыстық күндері шаңнан көз аша алмаймыз. Азанда 7-де шы­ға­мыз. Қараңғы. Жаңбыр жауған күн­дері жер балшық. Үлкен жолға дейін жетуіміздің өзі қиын. Көп көлік жүреді. Балаларға да, жүргізушілерге де ыңғайсыз. Шаң болады. Тротуар да жоқ. Аялдама атымен жоқ. Жаңадан салынған шағын ауданға тым болмаса үлкен жол бойына бір маршурт берсе болар еді. Құрылыс басқармасы, автобус паркі мекемесі не қарап отыр? Түк түсінбеймін, – дейді А.Байжігітов.
Мұндағы жұртшылықтың бұйым­­тайы­ мен базынасы орынсыз емес. Қаламыздың жаңа даму бағыты болған «Бәйтерек» шағын ауданы­ өзгелерге үлгі болуы қажет. Оқушылар қаланың өзге аудандарында орналасқан білім ұяларына баруға мәжбүр. Қазір карантин уақытында үйден оқуда. Мұнда оқушы балалар көп. Қала орталығына қатынап жұмыс істейтіндер үшін тіпті қиын. Азанда көлік табыла қойса жақсы. Болмаса амал жоқ екі аяққа күш түседі. Алдымыз­ қыс. Күн ерте батады. Құдай сақтасын жалғыз жаяу­­лап­­­ келе жатып бірдеңеге ұрынса обалы кімге, – дейді Н.Қожамжаров.  Ал таксистер жол нашар болғасын келгілері келмейді. Келсе де екі есе бағасын сұрайды.
Жаңадан бой көтерсе де бұл  ау­дан­ның қазірден сан сауалы көп.  
Жә, сонымен мәселемізге ора­лайық. Осындай аты дардай шағын ауданның болашағы жарқын екеніне зор сенім артамыз. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда  4012 аза­матқа «Бәйтерек» 1-3-4 тұрғын аудандарынан жер табыстау туралы қала әкімдігінің қаулысы қабылданған. Мерзімінде игерілмей мемлекетке кері қайтарылған жер учаскелер саны 211-ді құрап отыр. Осыған қарап әлі де құрылыс жұмыстарын жетілдіре түсу үшін зор мүмкіндік берілуі керек деп есептейміз.
Жетістігі де жоқ емес. Адамзат баласын имандылыққа баулитын «Әл – Уәли» мешіті 600 жамағатқа дейін қабылдауға қауқарлы. Заманауи­ талапқа сай салынған жалғыз нысан әзірше осы болып отыр. Өткенде облыс әкімі «Бәйтерек» тұрғын ауданын­дағы 600 орындық мектептің құрылыс жұ­мыстарын көріп, жаңа мектептің ал­ғашқы кірпішін қалау жұмысына атсалысты. Білім ошағы­ның заманауи түрде іске асып, оқу­шылардың игілігіне бағытталуы қажеттігін атап өтті. 4 жыл бұрын 6600 отбасына арналған шағын ауданның ертеңі нұрлы екеніне үлкен үмітпен қарайтынын жеткізген еді. Аталған білім ордасы 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында іске асуда.
Халқымызда «Сын түзелмей мін түзелмейді» деген сөз бар. Біз көтер­ген мәселе маңыздылығы жоғары екендігін мұндағы жұртшылық жақсы біледі. Тіршіліктің түйінін тарқату тиісті сала басшыларына тікелей байланысты.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
Суретті түсірген
НұрболатНҰРЖАУБАЙ
17 қазан 2020 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам