Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жолдың жайын жүрген білер

Жолдың жайын жүрген білер





Қалада оқтай түзу көшелер көбейді. Тақтайдай тегіс жолдар қаланың ажарын ашты. Көлік тізгіндесең де, жаяу жүрсең де тегіс жолдар көңіліңді қуанышқа бөлейді екен. Мен ғана емес, қаншама қала тұрғыны жөнделген көшені айтып мақтанып жүр.
«Биыл аяқ киімнен ақша үнемделетін болды. Ми батпақ аяқ киімнің соры ғой» деп қуанды көпбалалы ана. «Тобықтан батпақ кешетін бейнеттен құтылдық» деп шүкіршілік етті шет аймақ тұрғындарының бірі. «Таксистер қымбат сұрамайды енді» деді енді бірі.
Иә, биыл жөнделген көше қала сәні ғана емес, қаншама тұрғынның қуанышын еселеді.
Қызылорда қаласында жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдары салынып, қалалықтардың игілігіне берілуде.
Биылдың өзінде бірнеше көшеге орташа жөндеу жоспарланып, қазіргі таңда құрылыс қыза түскен. Қызылорда қаласын айтпағанда, оған қарасты кент, ауылдық округтерде жолдың мәселесі шешімін табуда.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округіндегі 16 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүрген. Ал,  «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджет­тен қаладағы жалпы ұзындығы 75,9 шақырым болатын 109 көшеге және ұзын­дығы 3,3 шақырым болатын 2 елді мекенге кіреберіс жолдарды жөндеуге қажетті қара­жат бөлінген. Бүгінде 46 көшенің жөндеу жұмыстары және Бірқазан, Бәйтерек елді-мекендеріне кіреберіс жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Жол азабын жүрген білер» деген тәмсіл бар. Расымен де, жол нашар болса, діттеген жеріңе жетіп бітпейсің. Қалалықтар үшін биылғы жылдың тағы бір қуанышты жаңалығы – Тәуелсіздік көшесінің Тасбөгет кентіндегі гидроторапқа дейін ұзартылуы. Айта кетелік, бұл жаңалық жыл басында қала әкімінің есебінде айтылған болатын. Сөзден іске демекші, бүгінде жол құрылысы да басталып кетті. «Сыр ана» монументі жанынан өтетін Тәуелсіздік даңғылын әрі қарай жалғастыру жұмысын қаламыздағы белгілі компания «Қыран» ЖШС атқаруда. Жол жұмысын бастау үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінсе, биыл республикалық бюджеттен 718,4, ал облыстық бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралған. Жол бойында 4 автобус аялдамасы, 3 автотұрақ, жаяу жүргінші және веложол да қарастырылған. Түнгі жарық шамдарын орнату да назардан тыс қалмаған.
Егемендікпен еңсе түзеген Сыр елінде қай салада болмасын алға ілгерілеушілік байқалады. Әсіресе, құрылыс саласында серпінді істер жетерлік.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жыл­дарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында қала көлеміндегі жалпы ұзындығы 102 шақырымды құрайтын 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыруға республикалық және жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Бүгінде бөлінген қаражатқа тиісті жұмыстар жалғасын табуда.
Соңғы 6 жылда Қызылорда қаласының және оған қарасты елдімекендердегі 578 шақырым жолға орташа жөндеуден және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген.
Қаладағы «Саяхат» шағын ауданында ұзындығы 15,9 шақырым болатын 30 көше­ге және «әл-Фараби» шағын ауданында ұзындығы  6,5 шақырымды құрайтын 10 көшеге малта тасты­ жол құрылысы жүргізілген.
Сондай-ақ қаланың жаңа тұрғын аудан­дарындағы 50 көшеге малта тасты жол құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжат­тары әзірленуде.
Қаладағы жол құрылысы мекемелерінің демеушілігімен «Сәулет» шағын ауданындағы ұзындығы 3,0 шақырымды құрайтын 6 көшеге асфальт жол төселген.
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасы мен мерзімінде аяқталуы қатаң бақылауға алынып, техникалық қадағалаушы және мердігер мекемелермен тығыз байланыс­та тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жарасхан Қуанышбайұлы
06 қазан 2020 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам