Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Дін мұраты – татулық

Дін мұраты – татулық

Ел тұтастығы - адамдардың берекелі де, үйлесімді өмір сүруі үшін маңызды аспект. Қашан да болмасын татулығы келіскен, достастығы мен ауызбірлігі үйлескен ел арманы орындалып, мұратына жетеді. Ата-бабамыздың ежелден: «Бірлік бар жерде-тірлік бар», «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген сөздерді бекер айтпаған.Қазір қазақ жерінде сан түрлі ұлттар мекен етеді. Кеңестік жүйе тұсында көптеген ұлт туған жерінен күштеп көшіріліп, қазақ даласынан пан тапты.Халқымыздың өзі де қолдан жасалған саяси зобалаң зардабын басынан өткізіп жатты. Ауыр жылдардың өзінде, өзге ұлттанрмен таңдырлас болып, бір нанды бөліп жеді. Осылайша, қанында ғасырлар бойы қалыптасып, дүниетанымы болып кеткен толеранттылық қасиетін қазақ халқы осы кезеңде кеңінен көрсете білді.
Қазақ баласы ғасырлар бойы ислам дінін ұстанып келе жатқан ислам дінінде толеранттылық басты ұғымдардың бірі. Толеранттылық сөзі шыдау дегенді білдіреді, яғни, басқалардың пікіріне, іс-әрекетіне деген төзімділік.  Ал, бұл қасиеттер өз кезегінде адамдардың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруінің кепілі екені белгілі. Ибн Масғуд деген сахабадан келген хадисте: «Иман екі жартыдан тұрады: бірі-сабырлық, екіншісі-шүкірлік» деп айтады. Яғни, адам бойында көрініс табатын төзімділік, шүкіршілік, сабырлық ұғымы ислам дінінде мақтаулы мінез ретінде бағаланады. Құран кітапта: «Олардың діні өздеріне, біздің дініміз өзімізге» дей отырып, шариғатында мұсылмандар арасында өмір сүретін басқа дін өкілдеріне деген бітімгершілік қарым-қатынасынан исламның әрдайым бейбітшілікке ұмтылатындығын байқау қиын емес. Ислам - бейбітшіліктің жақтасы екендігіне тағы бірден-бір дәлел, зекеттің басқа дін өкілдеріне берілуі жайында айтуға болады. Яғни, бұл зекетті алатын адамдардың түрлері муәлләфатул қулуб деп аталып, мұсылман мен өзге дін өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға негізделген.
Ислам әлемінің атақты Имам Табари, Ғазали, Қуртуби сияқты ғалымдарыныңдінаралық диалогтар жайлы танымал еңбектері бар. Ислам дініндегі дінаралық диалог ұғымы басқа діндердегі диалог ұғымдарынан ерекше болып келеді. Онда өзіндік тарихы, ережелері мен әдептері қалыптасқан. Басқа өркениет өкілдерінің ислам діні диалогқа жарамсыз дегені қате пікір. Тарихта мұсылмандардың басқа дін өкілдерімен қарым-қатынасын, ол туралы жазылған еңбектер мен сол мақсатта атқарған жұмыстарынан аңғаруға болады.    
Қазақстан - түрлі ұлттармен конфессиялар бірлесіп өмір сүріп жатқан мемлекет. Осы ерекшелікті ескере отырып, Елбасымыз Н.Назарбаевтың бейбітшілікті көздейтін жасампаз саясатының негізінде бастама алғанәлемдік және дәстүрлі діндердіңсъезі  2003 жылдан бері, әр үш жыл сайын елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.Бұл съездің жылдан-жылға салмағы артып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде. Елбасы айтқандай бұл съезд «дінаралық қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан стереотиптерді еңсеріп, XXI ғасырдағы жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің пәрменді формуласын жасауға мүмкіндік берді». Елбасы «түпкі мақсатты белгілеудің керегі жоқ, оны белгілеуге де болмайды. Біртұтас діни кеңістік құру мүмкін емес. Орын алып отырған қайшылықтардың барлығын да еңсере алмаймыз, оның үстіне олар кейде ұлы діндердің түп негізіне қатысты болып жатады. Тұрақты диалог орнатудың басты құндылығы – көзқарастар мен түсініктердің қарама-қайшылығына қарамастан, жалпыға ортақ мәмілеге келу қажеттілігінің маңызын түсіну және оған қол жеткізудің жолдарын іздестіру болып табылады. Ең бастысы, диалог бейбітшілік пен келісім алаңын, үйлесім мен айқындық дәуірін қалыптастырады» деп нақты тұжырымдаған болатын. Қазақстан әлем елдеріне осы тұрғыдан қоғамды біріктірудің үлгісін көрсете білді.
Діндер бір-бірімен жауласпайды. Оған басты себептер - қайсыбір дін мен конфессияны алып қарасаңыз түпкі идеясы гуманизмді насихаттайды. Адамның Құдаймен, адаммен және қоғаммен қарым-қатынасын реттеуге негізделеді.
Ақтоты Оразбек
Исламтанушы
18 қазан 2020 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам