Қызылордалық волонтерлер «Қауіпсіз қала» жоспарына үлестерін қосты

Іс-шара жоспарында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша түрлі бағыттағы жұмыстар қамтылған. Рейд жұмыстарына қалалық полиция басқармасының, қалалық прокуратураның, қала әкімдігінің және «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары мен қаламыздың волонтерлары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеп тұрған «Бункер», «IGame», «Энерджи» «Сони» ойын клубтарының иелері мен келушілеріне және ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне тиісті шаралар көрілді. Сондай-ақ, отбасылық жиындар мен тойларды өткізудің 19 дерегі бойынша той иелерінің құжаттары жинақталып, Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шаралар қолдану үшін жолданды.
Осы ретте, қала тұрғындарын құқықбұзушылықтарға бармай, карантин талаптарын сақтауға шақырамыз! Аталған іс-шара жұмыстары айдың соңына дейін өз жалғасын табатындығын жеткіземіз!
Бекен Ғалымжанұлы,
«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының маманы