Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бұл – химиктер мектебі!

Бұл – химиктер мектебі!

Химия қазақ баласы үшін қашаннан қиындау сабақ саналатыны жасырын емес. «Химия – қиын, ашиды миың» деген сөз оқушы кезімізден санамызға жатталып қалған. Ал бұл мектепте «химия қиын» деген ұғым болған емес. Мұғалімдері оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, оны кез келген оқушының жетік меңгеруіне болатынын дәлелдеген. Біз сөз қозғап отырған білім ордасы – қаладағы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейі.
Фототілшіні ертіп мектепке бас сұқтық. Білім ордасының іші тып-тыныш. Себебі белгілі. Мектеп директоры Рита Мұхашова өз кабинетінде екен. Амандық саулық сұрасқан соң екеулеп мектепті араладық.
Мектеп – жастардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы білімінде болса, ұстанар бағыты тәрбиесінде. Ал білімнің сарқылмас көзі мектепте. Қаладағы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейі 1938 жылы алғаш рет өз шәкірттеріне есігін айқара ашқан болатын.­
Бүкілодақтық Ленин Комсомолының ме­ре­кесі қарсаңында ашылғандықтан мектепке «БЛКЖО-ның XX жылдығы» деген атау беріледі.  Ол кездегі оқу ғимараты екі қабатты қазіргі әуез мектебі болатын. 1975 жылы мектеп жаңа 4 қабатты ғимаратқа көшірілді. Бұл Ұлы Жеңістің  30 жылдығымен сәйкес келіп, мектепке даңқты қолбасшы Совет Одағының  Батыры И.В.Панфилов  есімі берілді.
1938-1941 жылдары аралығында ал­ғаш мектепті Гороховадский басқарды. Ол тарих пәнінің  білікті маманы болды. Соғыс жылдарының алғашқы күндері Ұлы Отан соғысына шақырылды. Әр жылдары білім ошағына елге белгілі азаматтар басшылық жасады. Ол кімдер дерсіз?  1941-1945 жылдар Н.В.Стеклер, 1945-1953 В.М.Стернина, 1953-1960 Н.С.Войтенская, 1960-1980 Р.Г.Крапивенко, 1980-1983 Л.С.Есенова, 1983-1987 А.К.Шупенько, 1987-2000, Д.Т.Калимбетов, 2000-2004 З.Ж.Жиенбаева, 2004-2009 Б.Ж.Өте­мұратова, 2009-2013 Ә.С.Көшкін­баева, 2013-2020 жылдары А.Б.Ізбасова мектеп директоры қызметін атқарды. 
 Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап мектепке Рита Мұхашова басшылық жасап келеді. Рита Жұмамұратқызы қалалық білім бөлімінде 14 жылдан аса уақыт қызмет істеген. Өнегелі баспалдақтардан өткен ол абырой биігінен көрініп, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген білікті басшы. Бүгінде білім ордасын абыроймен басқарып келеді. Қазіргі білім саласындағы үздіксіз өзгерістердің енуін саналы қабылдап, ұстаздар қауымынан аса жауапкершілікті талап етеді. Ал, ұстаздың шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал ететін де мектеп басшысы.
– Ұстаз болу үшін үлкен жүрек, жайдарлы мінез, адами қасиет керек. Бойында осының барлығы табылған адам ғана шәкіртіне сапалы білім, жақсы тәрбие беретін нағыз ұстаз бола алады, – деді Рита Жұмамұратқызы.
Шәкірт  ұстаз айнасы
Қай кезде де бірінші орында адам капиталы. Білімді адам ғана осы заман ағымына ілесе алатынына көзіміз жетті. Ұлы педагог Ушинский «Бала балқытылған алтын»­ дегендей, жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны жетілдіру жолында №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейі ұжымы аянып­ қалған емес. Бұл білім ошағында химия­ пәні тереңдетіліп оқытылады.  2009 жылы мектеп-лицейі статусы берілді.
Республикалық жалпы пәндер олимпиадасында 2019-2020 оқу жылы  185 оқушы қатысып, 23 оқушы жүлделі орын алған. Республикалық ғылыми жобаға қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болған. Биыл 29 оқушы грант иегері атанған.  (ҚР-ның ЖОО-ның мемлекеттік грант иегерлері 23, 5 түлек РФ ЖОО-ның грант иегерлері, 1 түлек Түркия Республикасы ЖОО грант иегері, 8 алтын белгі иегерлері және 4 үздік аттестат­ иегерлері шыққан.
Роботехника  заман талабы
Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада, медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жыл­дам­дықпен және асқан дәлдікпен құ­растыратын робот-қолдарға көз үйрене бас­тады. Оны айтасыз, сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Қысқасы, біздің заманымыз робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Біздің мемлекетімізде осы бағытта дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда.
Бұл салада №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейі көзге көрініп жүр. Мұндағы білім алатын оқушылар роботехникада озық. Төртінші  өнеркәсіптік революция жолымен жаңа технологиялық кезеңіне қадам басу аясында ІТ және робототехника бағыты бойынша мектеп оқушылары арасында өткізілген «LEGO» робот сайысы­ бойынша­ оқушылары А.Оразбек, С.Сабыржан жүлделі орынға ие болған.
«Цифрлық технологияны қолдану – жаңа индустрияларды өркендетуге жа­салған қадам» атты мектеп оқушылары арасында өткізілген «Робототехниканы тізгіндеген өрендер» атты байқауында үздік өнер көрсеткені үшін оқушылар алғыс хатпен марапатталған.
С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицейінің 80 жылдық мерейтойына орай қала мектептері арасында ұйым­дастырылған «ROBOTIME» чемпионатында «Робосумо» категориясы бойынша Ильяс Әбілхайыр, Азамат Батырбайұлы І орын, Қ.Шамшатбек, Қ.Сейдахмет ІІІ орын иеленген.
Ал, жалпы білім беру мекемелері арасында өткізілген «Kyzylorda Robot School» атты қалалық чемпионатта «Желі бойынша жарыс» бағытына белсене қатысқаны үшін қалалық білім бөлімінің алғыс хаты табысталған.
Шәкірт шамшырағы
«Адамның адамгершілігі – жақсы ұстаз­дан» дейді хакім Абай. Ұстаз тумысынан айтылғанның бәрін жетік түсінетін, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын алғыр да зерек ақыл иесі. Бұл білім ошағында да ынталылық пен табандылық көрсететін мұғалімдер бар. Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы арақатынасының ең бір абзал әрі мағыналы, мәнді түрі. №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейінің ұстаздары республикалық, облыстық байқауларда үздіктер қатарынан көрініп жүр. Алтын Ізбасова – орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі. Ол «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырған «Білім берудің инновациялық әдістері мен технологиялары» V Республикалық оқытушылар сайысында жүлделі I орын және ТМД үздік ағартушы төсбелгісінің иегері.
Ұлы жеңіс –  ұрпаққа аманат!
Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыс жылдарында жандарын пида етіп, болашақ ұрпақтарына осынау бейбіт күндерді сыйлады. Бабаларымыздың ерлігін жас буынға үлгі еткен мектеп арнайы данқ бұрышын ашқан. Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарды толғанбай көру мүмкін емес. Мұнда 1941 жылы 28 қарашада шыққан «Красная звезда» газетінде соғыста қаза тапқан 28 батыр­ туралы мақаланы көруге болады. 2019 жылы ашылған даңқ бұрышында соғыста пайдаланылған әскери киімдер, қару жарақтар, Мосин винтовкасының дорбасы бар.
Ұстаздық – ұлы мамандық. Ұстаз білім беріп қана қоймайды, жас ұрпақты алдағы өмірге дайындап, саналы адам етеді. Елжанды, көзі ашық азамат болып қалыптасуы үшін тер төгіп, бүкіл саналы ғұмырын арнайды. Әр елдің келешегі ұстаздың еңбегіне байланысты. Ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейінің ұстаздарына сәттілік тілейміз.
Жарасхан Қуанышбайұлы
Суретті түсірген
Нұрболат Нұржаубай
24 қазан 2020 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам