Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тамшыдан жиналған өнім

Тамшыдан жиналған өнім

«Балапанды күзде санайды» демекші, жаз бойғы диқан еңбегінің өнімі қалай болды екен деп алаңдайтынымыз рас. Жауын-шашынға қалмай, төкпей-шашпай дән қамбаға құйылса деген көптің тілеуі бұл. Дәннен тау тұрғызған диқанның еңбегі ақталып, ел алғысына бөленер күн жақын. Биыл да егін еккен елдің еңсесі биік, жүзі жарқын.
Қалаға қарасты егін жайын білмек мақсатпен қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дәулет Абдрасуловқа хабарластық. Даусы жарқын. Биылғы егіннің жайын айтқанда, тіпті кеудесін мақтаныш сезімі кернегендей. Биылғы жетістікті айтып тауыса алатын емес. «Мақтанса, диқан мақтансын» деп, біз де тыңдадық.
– Биыл қалаға қарасты шаруашылықтарда егін бітік шықты. Мұнан бөлек бақша өнім¬дерінің жылдағыдан мол өнім бергенін мақтанышпен айта аламыз. Биылғы су тапшы¬лығына қарамастан жердің жайын білетін мамандар тамшылатып суару әдісін пайдаланып, мол өнім жинады. Қарауылтөбе ауылдық округінде тамшылатып суару әдісімен егілген қызанақ қаланы қамтамасыз етті. Ақсуат ауылдық округіндегі жылыжайдың қияры биыл бағаны қымбаттатпады. Көктем шыға салысымен елді көкке жеткізген ақсуаттық жылыжай қияр бағасын 300 теңгеден асырмады. Әйтпесе, жылдағы бағаны бәріміз де білеміз. Бұған қызылөзектіктердің картобын қосыңыз. «Үміт» шаруа қожалығы 8 гектар жерге картоп егіп, тамшылатып суарумен-ақ мол өнім алды. Тонналап жиналған өнім қазір жәрмеңкеде сатылуда. Апта сайынғы жәрмеңкеде картоп бағасы 100 теңгеден асып жатқан жоқ, – дейді қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.
Егін жайы да жақсы. Сандарды сөйлетсек, қалаға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымы¬ның барлық нысандарында барлығы 8747 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде 4075 гектар күріш, 20 гектар жаздық арпа, 302 гектар жаздық бидай, 90 гектар күздік бидай, 5 гектар сұлы, 160 гектар жүгері, 100 гектар соя, 40 гектар мақсары, 266 гектар жаңа жоңышқа, 70 гектар сорго, 600 гектар картоп, 1087 гектар көкөніс, 878 гектар бақша дақылдары және 1053 гектар ескі жоңышқа егілген. Биыл жаздық бидайдан 316,9 тонна өнім алынса, күздік бидайдан 61 тонна өнім, арпадан 4,7 тонна, сұлыдан 4,7 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар картоптың әр гектарынан 128,5 центнерден, көкөністен 128 центнерден, бақша дақылдарынан 132 центнерден өнім жиналды. Ал 4075 гектар жерге егілген Сыр маржанының әр гектарынан 51,6 центнерден өнім жиналды. Бұл жай цифр емес. Сырдың аптапты ыстығына да, дауылына да төзген, су тапшылығына да қарамай, жерге түскен дәнді баласындай баптаған, кетпен¬ арқалаған диқан еңбегінің нәтижесі бұл!
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА
27 қазан 2020 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам