Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Интернет алаяғы ұсталды

Интернет алаяғы ұсталды

Соңғы кездері интернет-алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram, Facebook, Instagram-да белсенді болып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жоғары технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу, ашу, сонымен қатар киберқылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел жұмыстар жүргізуде.
Полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілерде алаяқтарды анықтау оңай емес. Бұл өте мұқият, күрделі және көп қырлы жұмыс.
«Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шара аясында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ннтернет - алаяқты құрықтады. Ол WhatsApp мессенджерінде Life Styler чатын ашып, ақшаны көбейтемін деп уәде беріп, уәдесін орындамай облыс орталығының тұрғыны 54 жастағы әйелді алдаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
          Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  баспасөз қызметі
29 қазан 2020 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам