Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бесік жырын айтатын аналар қайда кешегі?

Бесік жырын айтатын аналар қайда кешегі?

Бауыржан Момышұлының “Жауынгерлік тəр­бие əскери киімде емес, жөргекте жатыр” деген сөзі бар. Ұғынған адамға бұл сөзде талай кітапқа жүк боларлық пәлсапалық мағына жатыр.
Бала – ізімізді жалғар болашағымыз. Халқы­мызда  «адам ұрпағымен мың жасайды» деген тәмсіл бар. Қазақ – құндақтағы баласын бесік жырымен өсіретін халық. Одан өсе келе халықтық ертегілер мен аңыз-әпсаналарды айтып,  небір батырлар жырлары арқылы еркіндік пен әділдікті сүйетін қазақы рухты бойларына сіңірген. Дала мектебінен тәлім алған ата-бабаларымыз бола­шақта ізін жалғар, тұяғын басар ұл-қыздарына осы­лайша тәрбие беріп отырған. Қазір ше? «Ұлым – ізгі арманым, қызым – қызғалдағым» дейтін қазақы тәрбиенің бүгінгі көрінісі қандай?..
Тәрбие туралы сөз қозғағанда ойымызға бірден «Тәрбие басы – тал бесік» деген бабадан қалған асыл сөз оралады. Осы сөздің астарында ұғынған адамға көп мағына жатыр. Бұл дүниеден мүлдем бейхабар келетін баланың ойы үнемі далада болады.­ Өйткені ананы білсем, мынаны көрсем деген ниетпен сәби қолына түскеннің барлығын аузына­­ сала береді. Тіпті, қайдан табатыны  белгісіз әйтеуір қолына бесікте жатса да қыл-қыбырды жинап алатын да балалар болады.  Айналаны көзбен көріп, қолмен ұстап, иіскеп не дәмін татып зерттейтін бүлдіршіндер үшін бесіктегі тәрбиенің мәні зор. Себебі сәби өмірге келгеннен кейін не бары бір аптаның ішінде естіп, көріп, анасын танитын көрінеді. Естіп отырған балаға тек жақсы сөздерді айтудың қаншалықты маңызды екенін түсінген аналарымыз бесік жырын айтудан жалыққан емес. Қазір бала дүниеге келе салысымен аналары ұйықтату үшін ұялы телефондардың әуендерін қосып қояды. Қосқанда да бесігіне алып барып, бас жағына жастығының астына сәбидің құлағына естілетіндей етіп қоятындары да бар. Күнде анасының махаббатқа толы нәзік үнін емес, ұялы телефондағы даңғыраған музыканы естиді. «Балам үшін қазақша ән қосамын» дейтіндер де бар. Мұндайда еріксіз бесік жырын айтатын, аналар қайда кешегі? деген сауал туындайды екен. Бала үшін анасының үнінен артық ештеңе жоқ екенін ұмытуға болмайды. Оның үстіне ұялы телефондар ересек адамдардың өзіне зиянын тигізіп жатады. Баласының көңілі далада болса да, анасының көңілі балада болуы керектігін бабаларымыз әлдеқашан айтып кеткен.
Біз бұл мақаламызбен бесік жырын айтатын аналар мүлдем жоқ деуден аулақпыз. Бірақ азайып бара жатқаны шындық. Балаға ана сүтімен бірге ана тілі дарып, бойына ұлттық тәрбие мен салт-сана даритыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сол себепті тәрбие мәселесіне келгенде ананың сүті мен тілі, жылылыққа толы құшағы, махаббатқа толы үні басты орында болып табылады.
Азиз БАТЫРБЕКОВ
30 қазан 2020 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 080 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам