Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала бюджеті  қайта қаралды 

Қала бюджеті  қайта қаралды 

Қала бюджетінен үнемделген қаржы ел мұқтажына жұмсалмақ. Халық сұранысына сай жолдарды жөндеуге бағытталмақ. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 68 сессиясында айтылды.
Қалалық мәслихаттың 68-ші сессиясында кент және ауылдық округтердің бюджеттеріне қатысты және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерін бекіту туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, қалалық мәслихат аппаратының ережесі қайта қаралды. Тоғыз айлық көрсеткіш бойынша ауылдық округ бюджеттеріне ішінара өзгерістер енгізілді. Осыған орай кейбір кіріс көздері азайтылды.
Сессияда қаралған мәселелер тұрақты комиссия отырысында кеңінен талқыланып, тиісті шешімдер бекітілді. Ауылдық округ бюджеттеріне қала тайқазанынан бөлінген қаражат қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Атап айтар болсақ, үнемделген қаржылар қолдауды қажет ететін салаларға жіберілмек. Мәселен Тасбөгетте 16 көшені орташа жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжатын дайындау үшін және Ақсуат ауылдық округте ауыл тарихы ескерткіш тақтайшаларын орнатуға тиісті қаражат бөлінді.
Сонымен қатар Қосшыңырау ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратын жөндеуге және тағы басқа да өзекті мәселелерді шешуге қаражат бөлу туралы шешім халық қалаулыларынан қолдау тапты.
Сессияда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлама жасап, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қаржыларға түсіндірме берді. Айтуынша, аталған жұмыстар негізінде бөлінген қаржылар есебі жыл аяғына дейін игеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, қала әкімдігінің аппарат басшысы Жанмұрат Сейілов баяндама жасап, комиссияда қаралған мәселелер төңірегінде хабарлама жасады.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ
30 қазан 2020 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам