Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қала қаржысы бекітілді

Қала қаржысы бекітілді

Қазіргі таңдағы ахуалға қарамастан ел игілігі жолындағы тірлік тоқтамақ емес. Сондықтан әлеуметтік маңызды мәселелер қашанда жүйелі шешімін табады. Кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясы өтті. Онда күн тәртібіндегі 5 мәселе қаралды.
          Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен отырыста алдымен, «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жайы айтылды. Бұл ретте қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова қажетті қаражат көлемі, жұмсалу мақсатын бүге-шүгесіне дейін  баяндады. Сонымен бірге өткен жылы бөлінген қаржының атқарылуы бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы С.Айменов пен қалаға қарасты ауыл және кент әкімдері есеп берді. Осылайша, аталған мәселелерге тиісті өзгеріс енгізіліп, бюджеттік жоспар бекітілді.
          Сессия барысында ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік біржолғы төлем тағайындау мәселесіне толықтырулар енгізу керектігі айтылды. Бұл халық қалаулылары тарапынан оң шешімін тапты. Ал, бұдан өзге «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешім толықтырылса, қалалық мәслихаттың «Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» №240-43/5 шешімі күшін жойды.
А.СЕЙІЛ
05 мамыр 2020 ж. 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам