Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ЖАНЫМА ҚУАТ БЕРЕДІ

КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ, ЖАНЫМА ҚУАТ БЕРЕДІ

  Сұлу Сырдың жағасында орналасқан тарихи қала – Қызылордаға әуежай жақтан кіріп келе жатқанда, жаңа нысандар көзіңізге түседі. Оған қоса сізді әдемі аллеялар қарсы алады. Солардың бірі – Рәміздер алаңы.
Осыдан екі жыл бұрын бос жатқан аумаққа облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен патриоттық рух беретін аллея салу керектігі айтылған еді. Сондай-ақ, аталмыш орын қаланың кез келген бөлігінен анық көрініп тұруы ескерілді. Оған қоса еліміздің аспан түстес көк туы желбіреп тұратын аллеяның айрықша болғаны, биіктен көрінуіне назар аударылды.
Былтыр қала күні қарсаңында ел игілігіне берілген Рәміздер аллеясы әрбір қызылордалықтың жүрегіне отансүйгіштік сезім сыйлайтын айтулы орынның біріне айналды. Қалаға кіре берістегі 3 гектар аумақты алып жатқан бұл жерде Елтаңбамыз, Әнұранымыз және 60 метрлік биіктікте көк байрағымыз айбынымызды асырып, мерейімізді өсіре түседі.
Жобаның жалпы құны 325 млн. теңгеден асты. Онда мәрмәр тасымен әрленген паннода алтын түспен боялған Елтаңба мен Әнұран жазылған. Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған алаңның киелі шаһарда бой көтеруі – рухани жаңғырудың алғашқы қадамдары деуге болады. Жаңа нысанда көпшілік демалысы үшін бар жағдай жасалған. Аллеяның дәл іргесін бойлай аққан Сырдария жатыр, айналасы жасыл-желекпен көмкерілген керемет алаң әрбір адамды баурай түседі. Мұндағы тасқа жазылған әрбір қанатты сөз өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай.
Бүгінде мемлекеттік шаралар осында өтуде. Мұндағы патриоттық жиынға жастар белсене атсалысып келеді.
– Жылдан-жылға дамып келе жатқан қаламызда аллеялар көркейе түсуде. Соның бірі – Рәміздер алаңы. Бұл – мәдениет пен тарихтың айнасы, ол халықтың ұлттық санасын оятуға, елдігіміздің баянын мазмұндауға арналды. Біз осы жерде Конституция күніне орай жастар акциясын, түрлі байқаулар өткіздік. Жалындаған жастарға патриоттық тұрғыда тәрбие беретін, отан¬сүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне негіз болар дүние жасалғандығы, бой сергітіп, рухани демалыс сыйлайтын орындардың көбейгендігі қуантуда, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов.
Қасиетті шаһарда бұл алаңның ашылуы жергілікті жұртшылыққа үлкен қуаныш сыйлады. Қала тұрғындары да ризашылығын білдіруде.
– Өзім сыртта оқимын. Адам туған қаласының қадірін алыста жүргенде біледі. Қызылорданың көркейе түскені мені қуантады. Көбіне уақыт алмас үшін ұшақпен келемін. Сол кездегі байқағаным – біздің қала басқаша. Яғни, жақсы жағынан жаңаруда. Рәміздер алаңын көріп, оған арнайылап бардым. Өте қатты ұнады, – деді студент Жарқынай Өркенқызы.
Иә, игілікті істің бастауы болған осындай орындар Ақмешіттің көркіне көрік қосады. Сәулеттік келбетін одан сайын арттыра түседі.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Бағдат ЕСЖАНОВ.

21 желтоқсан 2017 ж. 1 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам