КӨШЕГЕ КІМДЕРДІҢ АТЫ БЕРІЛУІ ТИІС?
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХХХХIХ сессиясы болып өтті.
Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова баяндама жасады. Сала басшысының сөзінше әрбір бөлінген қаржы қайта қаралып, үнемделген қаржыны тиісті бағыттарға жұмсалу көзделуде.
Сессияда қаралған екінші және үшінші мәселе қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта қарау туралы қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов хабарлама жасады.
Халық қалаулылары ономастикалық комиссияға ұсынылатын атауларға аса мән беру керектігі жөнінде пікірлерін білдірді. Хабарламашы бұл ұсыныс-тілектер қаралып, тиісті шешім шығарылатынын жеткізді.
Сессияда қаралған соңғы мәселе «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекетік мекемесінің құрылымы мен штаттық кестесі қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес қайта қаралып бекітілді.
Сессияда қаралған төрт мәселе тұрақты комиссия отырысында қаралып, халық қалаулылары ұсынылған мәселелердің шешім жобасы негізінде толыққанды қаулы қабылдады.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ