Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫРДАРИЯДА ЕЛТАЙ ТЫНЫШТЫҚБАЕВТЫҢ АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ

СЫРДАРИЯДА ЕЛТАЙ ТЫНЫШТЫҚБАЕВТЫҢ АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ

    Сырдария ауданының орталығындағы жаңа қоныстану аймағынан "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері, су шаруашылығы саласында еңбек еткен білікті маман Елтай Байназарұлы Тыныштықбаевтың атына көше берілді.
Көшенің ашылу рәсіміне соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен Е.Тыныштықбаевтың ұрпақтары қатысты. Көшенің ашылуында сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов су шаруашылығы саласында қажырлы еңбек еткен Е.Тыныштықбаевтың өмір жолы мен облыс көлемінде атқарған қызметтеріне тоқталды. Қоршаған ортаның қамқоршысы ретінде тындырымды тірліктер жүргізгенін атап өтті. Ал, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов ардақты азаматпен бірге қызмет атқарғанын айтып, дара тұлғаның болмыс-бітімі көпшілікке үлгі екенін жеткізді. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы аудан халқының ерекше ықыласына бөленген эколог жайында кеңінен мағлұматтар берді. Көше ашылу рәсімінен кейін Тереңөзек кентіндегі "Темірқазық" мейрамханасында Елтай Тыныштықбаевтың рухына арналып ас беріліп, құран бағышталды.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам