Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Есірткісіз өмір ғажап

Есірткісіз өмір ғажап


Қызылорда ОПД  ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Өмір  адам баласына бір-ақ рет берілетін тәңірдің сыйы. Өмірді мәнді де, сәнді етіп өткізу әр адамның өз қолында. Өмір шыңға шыққанмен бірдей, асықпай шығасың, зымырап түсесің.
 Қазіргі таңда өмірді сүре алмайтын, өмірдің  мәні есірткі мен нашада деп ойлайтын жастар қаншама. Әрине, бұл – қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселе. Есірткі қазіргі жастардың бойын улап жатқан ғасыр тажалы. Бұл нәрсе қаншама жазықсыз жандардың бойын улап, өмірін қиюына себеп болды. Адамзат қаншама уақыт бойы онымен күресуде, бірақ оңай алдырар жау емес екендігі анық. Керісінше, күн өткен сайын қаншама адам оның құрсауында қалуда. Баға жетпес өмірін бір сәттік рахат үшін, адамгершілігі мен ар-ұятын ысырып қойып айырбастап кететіндері өкінішті. Дүниеде көбірек тұрғың келсе өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе былапытта. Сол секілді әркімнің өмірі өз қолында егер бақытты болғың келсе, жақындарыңды бақытты еткің келсе, мұндай жаман нәрседен аулақ болғаның жөн. Көбіне адамдар өмірдің сынақтарына төзбей, осындай жаман жолға түсіп кетіп жатады. Білемін, мүмкін, кейде бәрінен шаршап, қиналатын кездер болатын шығар, бірақ ол сенің өмірің осы қиындықтармен шектеліп қалады деген сөз емес. Өмір бірде жарық, бірде қараңғы, өмір болғаннан кейін бәрі де болады. Есірткіні бір рет қолданғаннан кейін одан бастарту қиын екені және бар өміріңді осы бір қателіктің кесірінен құртылатыны баршаға белгілі. Сондықтан  кез келген шешімді қабылдамас бұрын жақсылап ой елегінен өткізіңіз. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітер» демекші оның зияны тек сізге ғана тимейді, мұны да ойлаңыз. Сіз үшін жанын беруге дайын ата-анаңыздың халін ойлаңыз, сізді жақсы көретін жақындарыңыз бен достарыңызды, ең бірінші өзіңізді ойлаңыз.  Әр адам өз өмірінің басшысы, бәрі өз қолыңызда. Денсаулығымызды күтейік, салауатты өмір салтын сақтайық, жарқын болашағымызды жарқын ойлармен қадам басайық. Есірткісіз өмір ғажап, бұған еш күмәніңіз болмасын. Есірткіге жол жоқ!
       
Ақтоты БАЙТІЛЕС,
Қызылорда  қаласы
 № 268 мектеп- лицейінің
10 «А» сынып оқушысы
17 қараша 2020 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам