Қытайға қысым
Үндістан билігі Қытайдың смартфон бағдарламаларын шектеуді бастады. Өткен аптаның өзінде оншақты бағдарламаға тұсау салып, бұл әрекет Бейжіңнің наразылығын тудырды. Осыған орай «CNN» арнасының тілшісі Шерисс Фам «Үндістан Қытай бағдарламасына тосқауыл қойды» деген атаумен хабар дайындаған. Журналист елдегі IT саласындағы шектеудің мән-жайын тарқатып, үнді еліндегі елшінің қарсы пікірін жариялаған.
«Үндістан Қытайға тиесілі смартфон бағдарламаларын тежеу арқылы онсыз да ушыққан ахуалды қиындата түсті. Соңғы шектеуден кейін Үндістандағы Қытай елшісі Цзи Жун: «Біз Үндістанның «ұлттық қауіпсіздік» деген желеумен мобильді қосымшаларға жасаған қысымына қарсылық білдіреміз. Бұл бірінші мәрте емес» деді. Бұл пікір сейсенбіде тағы 43 мобильді қосымша бұғатталған сәтте айтылған болатын».
Хабар барысында келтірілген дерекке сәйкес, Үндістан тарапы елдегі 43 мобильді қосымшаның жұмысын тоқтатқан. Оның ішінде Қытайдың Alibaba (BABA) алпауыт коммерциялық компаниясы, AliExpress ірі сауда платформасы бар. Сондай-ақ хат алмасуға арналғана DingTalk және сәлемдемеге арналған Taobao Live мобильді қосымшасы да шектеуге ұшыраған. Хабарда Үндістанның Электроника және ақпараттық технологиялар министрінің ресми мәлімдемесі де қамтылыпты. Мәлімдемеде: «Бұл қадамға ел болашағы үшін бардық. Аталған мобильді қосымшалар Үндістанның бірлігі мен қорғанысына және қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді» делінген.
Ерсін ШАМШАДИНғү