ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЖАНДАНАДЫ
Аудан орталығы Әйтеке би кенті көшелерін абаттандыру жұмыстарына байланысты жаңа жоспарлар әзірленуде.
Алдағы жылы кентті кенті көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалығын жақсарту бағытына 92,0 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінбек. Оның ішінде жасыл желек, түрлі гүлдер егетін алаңдар аумағын көбейту, демалыс алаңдары мен ескерткіштерді жөндеу, көше аялдамалары мен жарықшамдарды жаңарту жұмыстары атқарылады.
Ал санитарлық тазалықпен айналысатын қызметкерлер санын көбейту арқылы күнделікті тазаланатын көшелер саны 85-ке дейін жеткізілмек. Қатты қалдықтар салатын контейнер саны да 1000-ға көбейтілмек.
Келер жылы «Батыс Европа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойынан кентке кіре берістегі 0,7 гектар аумаққа «Жасыл белдеу» ұйымдастырылып, Р.Бағланова көшесі абаттандырылады.
Содай-ақ, 5 квартал аймағындағы 15 көшені суландырылып, қосымша 16 көшеге жасыл желек отырғызылатын болады.