Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРМАҚШЫДА АУДАН ӘКІМІНІҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА АУДАН ӘКІМІНІҢ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШІ ӨТТІ

    Жасыл шырша мейрамы барша баланың көңіліне қуаныш ұялатып, шаттыққа бөлейтіні анық. Қыс мезгілі келген сәттен бастап-ақ, осы бір мейрамды асыға күтетіндері белгілі. Биыл міне, тағы да дәстүр бойынша ауданымызда білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің шыршасы шамын жақты. Даладан бастау алған әсемдік безендірулер керемет көз тартса, мереке өтіп жатқан зал тіптен бөлек. Ортада жайнап тұрған шырша, жарқылдаған тамаша көріністерге тамсана қараған балалармен қоса үлкендерге де жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жасыл шырша кешіне аудан көлеміндегі мектептерден көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан 120 бала қатысты. Айтулы кеште аудан әкімі Сұлтан Мақашов сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жылдарымен құттықтап, ит жылы баршамыз үшін сәтті, халқымыз үшін қолайлы да берекелі жыл болсын деген мерекелік тілегін білдірді. Сонымен қатар, балалардың қуанышына ортақтаса отырып, өз қолымен сыйлықтар үлестірді. Әр түрлі үлгіде киінген мектеп оқушылары ертегілер әлеміне саяхат жасап, ән айтып, би билеп, сахналанған көріністерге белсене қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

27 желтоқсан 2017 ж. 1 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам