Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Отан алдындағы азаматтық парыздарын ядролық сынақ алаңында өтеген азаматтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигонның ауыртпашылығымен бетпе-бет келу арқылы Сіздер Отанымыздың патриот азаматы екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Ел алдындағы азаматтың міндеттеріңізге адалдық танытып, Семей ядролық полигоны зардаптарын болдырмау бағытында қажырлы еңбек сіңірдіңіздер. Сол себепті, Сіздерді өскелең ұрпаққа үлгі етеміз, Туған жердің елжанды азаматы деп мақтан тұтамыз,-деген Балшекер Сұлтанбекқызы ардагерлерге Құттықтау хат пен жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.
Өз кезегінде Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлердің атынан Б.Сауытбаев, Ж.Құтыбаев сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
27 желтоқсан 2017 ж. 1 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 291 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам