«СЛАВЯНЕ» ОРТАЛЫҒЫ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ
Қалалық Достық үйінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бірлестік мүшелерін мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Қазақстан Республикасындағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов «Славяне» орталығына жылы лебізін жеткізіп, бірлестік мүшелеріне Ресей Федерацяисының Алматы қаласындағы Бас консулының құттықтау хатын табыстады.
Сонымен қатар, «славяндарды» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева мен Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Александр Мусиенко құттықтады.
Кеш соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Славяне» орталығының «Сударушки» және «Надежда» вокалды топтары, «Наз» және «Жемчужинка» би ұжымдары, сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларынан әріптестері мен достары – ақтөбелік «Купава» фолк-модерн тобы және шымкенттік «Светоч» тобы өнер көрсетті.