ТАСБӨГЕТ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Үстіміздегі жылдың 24 қаңтары күні қала әкімі Н. М. Нәлібаевтың Тасбөгет кенті тұрғындарының алдындағы есеп беру жиналысы болып өтті.
С. Майқанова атындағы мәдениет үйіне жиналған тұрғындар алдында қала әкімімен бірге Тасбөгет кентінің әкімі П. Шамұратов және жергілікті полиция қызметінің басшысы Ә. Қаршыға өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы жылы атқарылатын міндеттерді баяндады. Қызылорда қаласында 2017 жылы барлық салада атқарылған табысты жұмыстар мен биылғы жылдың ауқымды міндеттерін шаһар басшысының өз аузынан естіген тұрғындар шынайы ризалықтарын білдірді. Әсіресе Сырдарияның сол жағалауына салынып жатқан құрылыс нысандарының бірқатарының үсіміздегі жылы пайлануға берілетіні кент тұрғындарына жағымды жаңалық болды. Тасбөгет кентінің әкімі П. Шамұратов өткен жылы кентте атқарылған толымды істердің есебімен қоса, 2018 жылы салынатын көшелерді, инженерлік инфрақұрылымдар жүргізілетін көшелердің тізімін атап өтті. Сондай-ақ, 140 орындық жаңа балабақшаның пайдалануға берілетінін тілге тиек етті. Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың барлығына тұщымды жауаптар қайтарылды. Кент тұрғындары қала және кент әкімдерінің атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, риза көңілмен тарқасты.