Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕЛКӨЛДЕ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

БЕЛКӨЛДЕ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

  Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің қатысуымен Белкөл кентінің әкімі Асхат Ибрагим мен кенттің учаскелік полиция инспекторы Болатбек Жақсыбаев ел алдында есеп берді.
Өткен жылдың соңында Белкөл тұрғындары көл-көсір қуанышқа кенелді. Жергілікті жұрт «көгілдір отынға» қол жеткізді. Аталмыш кент қалаға жақын тұрғанмен әлі күнге дейін газ игілігін көре алмай жүрді. Бұл мақсатта қазына қазанынан қомақты қаржы бөлініп, елді мекенде 26 шақырым газ құбыры тартылды. Осының нәтижесінде бүгінде 630 үйге көгілдір отын қосылған.
Қазір Белкөлдегі халық саны – 4 мыңнан асқан. Бүгінде мұнда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүйелі түрде қолға алынған. Бағдарлама аясында 13 ауыл тұрғыны грант негізінде оқуға түскен. Сондай-ақ, кентте кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де баса назар аударылған.
Кент әкімі Асхат Ибрагимнің айтуынша, Қызылордадан 12 шақырым қашықтықта орналасқан кенттің бүгінде әлеуеті арта түскен. Инфрақұрылым желілері жаңартылып, әлеуметтік жағдайды көтеруге байланысты тиісті әрі нәтижелі жұмыстар жасалуда. Белкөлдіктер «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз сумен толықтай қамтылды. Жалпы аумағы 21,5 шақырымды құрайтын көше жолдарының 3,9 шақырымы асфальтталып, 7,8 шақырымына тас төселген. Кенттегі Әбдіқадыров көшесіне облыстық бюджеттен 42 млн. теңге қаражат қарастырылып, 1,8 шақырым жол асфальтталған.
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары да нәтижелі атқарылып келеді. Былтыр бұл мақсатта 18 жоба іске қосылып, 41 жаңа жұмыс орны ашылған. Ауылшаруашылық саласын дамыту бойынша бірқатар шаруа қожалықтары жеке кәсіптерін кеңейтіп отыр. Айта кетейік, «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Бірқазан», «Аманкелді», «Дархан», «Маханов» шаруа қожалықтарына 2,4 млн. теңге көлемінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мен мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында субсидия берілді. Шаруашылықтар бүгінде 32 ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтып отыр.
Жергілікті халықтың ең басты қуанышы – табиғи газ мәселесі. Облыстық бюджеттен 378 млн. теңге қаралып, газ құбырлары тартылды. Кентке қарасты Бірқазан елді мекенінде құны 10 млн. теңгені құрайтын жаңа медициналық пункт ел игілігіне беріліп, халыққа қызмет етуді бастады.
Жиында сөз алған кент инспекторы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Кент бойынша 2017 жылы ауылдық округте 37 қылмыс тіркелген. Тіркелген қылмыстар ішінде 26 бөтеннің мүлкін ұрлау болса, оның 15 қылмысы ашылған. Қалған ашылмаған қылмыстар бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Сондай-ақ, ауылдың тұрғындарынан 155 арыз-шағым келіп түскен. Әкімшілік құқық бұзушылық заңы бойынша 137 азаматқа шара көрілді. Орман шаруашылығы инспекторы және табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық, аң аулау, сексеуіл өсімдіктерін шабу сынды әрекеттердің алдын алу бойынша шаралар тұрақты түрде іске асырылуда, – деді кенттің полиция инспекторы.
Жиын соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта атқарылған ауқымды істерге тоқталды. Әкімнің есебін тындаған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.

29 қаңтар 2018 ж. 1 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам