Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

  Масленица мерекесі халқымыздың асыға күтетін мерекелерінің бірі. 18-ші  ақпанда  Достық үйінің фойесінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың мән-мағынасын ұғынған әртүрлі этнос өкілдерінің мейрамдары біздің өңірде жыл сайын әспеттеліп, тойланады.
 Салтанатты шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтап өтті. Ал,  «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі жетекшісінің орынбасары Татьяна Данилина олардың шараларында әрдайым белсенділік танытып жүрген орта мектептерге ризашылығын білдіріп, бірлестік атынан сый-сияпат көрсетті.
Масленица – бір күн емес, бір апта бойы тойланды. Әрі әр күнді тойлаудың өзіндік ерекшелігі болды. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналды, сәрсенбі тәтті тамақ пісірілсе, бейсенбі серуен басталды, ал жұма қайын ененің үйінде қонақта болса, сенбі қайын апа шаңырағында жүздесу, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталды.
Әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Шарада «Сударушки» вокалды ән тобы,  флеш моб билер, көңіл көтеретін тақпақтар орындалды. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ тұрғындарға тегін таратылды. Шеңбер пішіндес құймақ күн бейнесін кескіндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенің бұлжымас белгісін айшықтап тұрғандай көрінеді. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады.
19 ақпан 2018 ж. 2 095 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам