АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгінде Сырдария ауданында Ауған соғысына қатысқан 19 ардагер тұрады. Жылдағы дәстүрге сай ауданда биыл да ардагерлерге құрмет көрсету, ерліктерін өзгелерге үлгі ету мақсатында іс-шаралар өткізілді. Соның бір парасы ретінде бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова Ауған соғысының ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен іс-шараға ардагерлермен бірге, үкіметтік емес ұйым төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты қабылдауда аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Сұлтанбекқызы ардагерлердің ерліктеріне тоқталып, отбасыларына бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы сөз сөйлеп, Ауғанстандағы қырғынды көзбен көрген сарбаздардың барлығы жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін атап өтті. Өз кезегінде Ауған соғысы ардагерлерінің атынан Ж.Нарымбетов атқарушы билік өкілдеріне құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.