Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЙТПАЙТЫН ҚЫЗ

ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЙТПАЙТЫН ҚЫЗ

   Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында өнерімен көзге түсіп жүрген аруларымыз жетерлік. Олардың қатарында әлемдік жарыстарда еліміздің абыройын биікке көтерген спортшылар да бар.
Солардың бірі – Жаным Әбілбекқызы Сырдария ауданы, Бесарық ауылында тұрады. Ауылдағы №147 орта мектептің 4 сыныбында оқиды. Жанымның таэквондомен айналысқанына  3 жылдан астам уақыт болған. Осы уақыт аралығында талай байрақты бәсекеде биіктен көрінді. Алғашында жай ғана қызығушылықтың арқасында спортпен шұғылдануға ден қойған еді. Қазір толағай табыстарымен елді қуантып жүр. Ол бүгінде балалар арасында облыстық, республикалық жарыстардан жүлделі бірінші орынға қол жеткізіп келеді. Сондай-ақ, ол Қазақстан чемпионы, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Жаным өзінің барған сайыстарынан жүлдесіз қайтқан емес. Мәселен, 2017 жылы өткен балалар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанды.  Қостанайда ұйымдастырылған облыстық турнирде осындай биіктен көрінді. Ал үстіміздегі  жылы «ПертроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ ұйымдастыруымен өткен турнирде  жеңіс тұғырына көтеріледі.
Әңгіме барысында ол отбасында өзге ешкімнің спортқа дәл өзіндей ден қоймағандығын айтты.
– Отбасында 7 баламыз. Ата-анамыз да, қалған бауырларымның ешбірі де спортпен шұғылданбайды. Алғаш мектепке спорттың әр түрінен үйірмелер басталғанда ағам Әлимұса таэквондамен айналысқан еді. Ағаммен бірге  жай қызығушылық танытып, мен де қатыса бастадым. Кейін ағам таэквондадан қол үзіп қалды. Таэквондомен шұғылдану – сүйікті ісім.  Жанымыз нәзік болған соң, қиындау әрине. Дегенмен, жасымау керек. Сонда ғана армандар орындалады деп сенемін. Жалпы, болашаққа қойған жоспарым да жоқ емес. Халықаралық жарыстарда жеңімпаз атану – арманым, – дейді жас Жаным.
Бүгінде ауылдағы спорт үйірмесінде  дайындалып жүрген Жанымға жаттықтырушылары зор сенім артады. «Өзін биязы да салмақты ұстайтын ол жарыс кезінде қарсыласына есе бермейді» дейді олар.
Қоржыны медальға толы қызының әр жетістігіне ата-анасы да риза. «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде тақымын қысады» демекші, әр сайыстан жүлдемен оралғанын тілейді.  
– Жаным өте нәзік. Спортпен айналысады деп ойлаған емеспіз.  Дегенмен, ұнап қалған ғой, жеті жасынан таэквондоны өзіне серік етіп жүр. Қызымның спортты таңдағанына еш өкінбеймін. Керісінше,
облысымыздың алдыңғы қатарлы таэквондошы қыздарының бірі болғанына қуанамын, – дейді анасы Ләззат Тұңғышбаева.
Жанымның жаны нәзік болса да өн бойынан ерге тән ерлік байқалып тұр. Бүгінде әрбір жеткіншек алдына талап қойып, сол бағыт пен жүріп келеді. Біздің әңгімеге арқау болған кейіпкеріміз де болашағын бағдарлап қойған.  «Болашағымды спорт саласымен байланыстырғым келеді. Жоғары бәсекеде топ жару – басты мұрат»– деді ол нық сеніммен.
                                                                                   Айтолқын АЙТЖАНОВА.
07 наурыз 2018 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам