Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ТУРИСТІК КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУДА

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ІРІ ТУРИСТІК КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУДА

  Қазақстан ITB Berlin 2018 ең ірі халықаралық туристік көрмесіне қатысуда. Биыл туристік ұсыныстардың жаһандық бизнес алаңында 160 мың келуші және 180 мемлекеттен келген 10 мыңнан астам қатысушы болады деп күтілуде, бұл – осы іс-шараның өткізілу уақыты ішіндегі (51 жыл) сөзсіз рекорды болып табылады.
6 наурыз күні Германия Канцлері Ангела Меркель мен Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилидің қатысуымен көрменің ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан стендінің негізгі концепциясы ретінде еліміздің этникасы және мәдениеті алынған. Ал стендтің орталық элементі – толық жабдықталған нағыз киіз үйде жент дайындаудан, қазақ ұлттық музыкалық аспабы сазсырнай жасаудан, киіз үй тұрғызудан мастер-класстар өткізіліп, ұлттық музыка мен билер көрерменге таныстырылып жатыр.
Бұл алаң 5 күн бойы қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін паш ететін сахна ретінде пайдаланылмақ. Стендке келушілер жауынгер киіміндегі «Арлан» театры батырларымен суретке түсіп, олармен қол күрестіре алады.
Сондай-ақ, павильонда үстелде ойналатын асық ойыны түрлері үшін кіші алаң бөлінген, бұл жерде қонақтарға асық ойнау үйрететілетін болады. Ең белсенді ойыншыларға асық жиынтықтары сыйланбақ.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
Қ. Сәдуақасов бастаған Қазақстан делегациясының құрамында туристік компаниялардың, қонақ үйлердің және өңірлік туризм басқармаларының 40-тан астам өкілі бар, қатысушылардың мұндай рекордты саны бұрын-соңды ешбір көрмеде болмаған еді.
Қазақстан ITB көрмесіне жыл сайын қатысады. Биыл ITB-дегі Қазақстанның ұлттық стендінің ұйымдастырушысы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік көрмелерге қатысудың жаңа форматын ұсын болатын.
Берлиндегі көрмеден басқа, бұл жылы Қытай, Гонконг, Оңтүстік Корея, Польша және басқа мемлекеттердегі көрмелерге қатысу жоспарлануда.
 
«ITB» (Германия, Берлин) халықаралық туристік көрмесі 1966 жылдан бастап өткізіліп келеді, және жаһандық туристік ұсыныстарға арналған негізгі бизнес алаң болып табылады. Бұл – ең ірі, әрі келушілер саны ең көп болатын туристік көрме. Көрменің 26 павильонында  тарихи-мәдени туризм мен белсенді туризмнен бастап круиздер мен СПА-демалысқа дейінгі барлық бағыттары ұсынылатын болады. 

08 наурыз 2018 ж. 1 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам