Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘНІ ӘСЕРЛІ ӘЗИЗ ӘЖЕЛЕР

ӘНІ ӘСЕРЛІ ӘЗИЗ ӘЖЕЛЕР

   Ақ жаулықты әжелер – ұлтымыздың ұлағат тұтар ардақтылары. Оларға қандай жылы сөз айтсақ та, сый-сияпат көрсетсек те артық етпейді. Олардың ел алдында айдай болып жарқырап жүргені жүрегімізге жылылық сыйлайды. Қазіргі уақытта көптеген ауылда әжелер ансамблі құрылып, ұлттық өнерді паш етіп жүр. Солардың бірі – Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округіндегі «Ақ бата» әжелер ансамблі.
Осыдан бес жыл бұрын құрылған ұжым өнеріне ынтық көрермендер қатары жылдан-жылға артып келеді. Әжелер тобы облыстық, қалалық бәйгелерде топ жарып жүр. Ансамбль жетекшісі әрі әншісі Жәмила Тәжікова:
– Бұл – халықтың сұранысы. Қазір жұртшылық жанды дауысқа, ұлттық өнерге құштар. Ансамбль құрылғалы бері ауылда екі рет жеке концертімізді қойдық. Сол кезде жұртшылықтың ұлттық өнерге сусындап қалғаны байқалды. Қошемет жақсы болды. Қазір ауыл әкімі, жеке кәсіпкерлер, мәдениет үйі демеушілік жасайды, – деді ағынан жарылып.
Анасамбль мүшелері ауылда тұратын олар кезінде ән айтатын зейнет демалысындағы әйел кісілерден іріктелген  әртүрлі салада қызмет жасаған. Бүгінде шаңырақтарының құты мен берекесін кіргізіп отырған аяулы жандар. Алғашқыда олардың қатары аздау болатын. Уақыт өте келе ниет білдірген әжелер қатары көбейді. Әрбірі қазақы салт-дәстүрді де, халық әндерін де жақсы біледі. Қазір ансамбльде 10 адам бар.
– Ансамбльдің өзіндік ерекшелігі деп нені айта аласыз? Репертуарларыңызда қанша ән бар?, – деп сұрадық Жәмила әжейден.
– Жанды дауыста баян, домбыра секілді аспаптардың сүйемелдеуімен орындаймыз, деп әңгімесін жалғастырды ол кісі. Қазір 10-ға жуық әніміз бар. Ансамбль мүшелері жеке-жеке де ән айтады. Олардың ішінде қазақтың халық әндері, композитор Ш.Қалдаяқовтың туындылары. Ән орындап қана қоймаймыз, халықтың салт-дәстүрлерін насихаттаймыз. Көрініс көрсетеміз, жүн сабап, ұршық иіріп, диірмен тартамыз, киіз басу, сырмақ сыруды да ұмытпаймыз. Мысалы, ана туралы ән айтсақ ананың балаға деген махаббатын, баланы бесікке салу, тұсау кесу сияқты дәстүрлерді дәріптейміз. Қазіргі уақытта сахнаға киетін қазақы көйлектерді өзіміз тігіп жатырмыз. Оны қолөнермен айналысатын Дүрия Мұсаева мен Әлима Байділдаева дайындайды. Біз кесіп, пішуге көмектесеміз.    
Бес жыл көлемінде ансамбль халыққа жақсы танылды. Байқауларда өнер көрсетті. «Дәстүрімнің бал қаймағы – әжелер» атты қалалық байқауда жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, қала әкімінің бірқатар алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл ұжым облыс, қала көлемінде өткізілетін ағымдағы мәдени шаралардың бәріне қатысады.Сондай-ақ аудандарда, ауылдарда өнер көрсетіп жүр. Мәселен, Қосшыңырау, Бесарық ауылдарында жергілікті өнерпаздармен барып концерт қойды.
Ән-күйге құмар адамның жаны баладай таза болады. Сахнаға шығудың өзі күш-қуат береді. Мәселен, арамыздағы үлкен әжеміз Орынбасар Иманбаева 69 жаста. Шаршау дегенді білмейді. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері дайындыққа келеміз.Ансамбль  меніңде тынысымды ашқандай. Ансамбльдің әрбір мүшесі осындай әсерде жүреді деп ойлаймын. Әжелердің жұмысына құлшыныспен кірісетінін көргенде риза боласыз. Олар кәсіби тұрғыда өсіп келеді. Бастапқы қалпымыздан қазір мүлде өзгердік. Бәрі де сахнаның мәдениетін меңгерді. Әндердің сөздерін мұқият жаттайды. Ансамбльден қол үзгісі келмейді. Өйткені айналысатын істері оларға ұнайды. «Дайындықтың біз үшін емдік қасиеті бар, терапия ғой» дейді. Әрине, ән адамның жанын жадыратады ғой, дейді Ж.Тәжікова.
 Біз әжелерансамблімен танысуға барғанда олар  Наурыз мейрамына дайындық үстінде екен. Ақсуат ауылдық округінде тұратын ол кісілер сахнаға шығып өнер көрсетуге әбден машықтанды. Халық әндерін орындап, ескіні жаңғыртқан өнерден рухани демалуға болады. Ақжаулықты аналарымыз осылайша әрбір мерекеде нағыз қазақылықты насихаттап келеді.


                                  Айтолқын АЙТЖАНОВА.
22 наурыз 2018 ж. 2 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам