ЖАС ОТАН СЪЕЗI: «ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ» ГАЛА-ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Гала-форумда өз саласында белгiлi бiр биiктердi бағындырған, қоғамның дамуына өзiндiк үлес қосқан жас қазақстандықтар сөз сөйлеп, әрiптестерiне жетiстiкке жетудiң қыр-сырын айтып бермек.
Бүгiнгi таңда жастар қанаты 150 мыңнан астам жас қазақстандықтың басын бiрiктiретiн бiрегей ұйымға айналған. Әр облыс, қала және ауданда өз өкiлдiктерi бар. Қазiргi таңда бүкiл Қазақстан бойынша «Жас Отанның» 230-ға жуық бастауыш ұйымы жұмыс iстейдi.
Атап өтсек, шараға жиналған жастарға форум басталмас бұрын «Ninety One» тобы өнер көрсеттi. Естерiңiзде болса, аталған топтың әншiсi Дулат Мұхаметқалиев «Жас Отан» Орталық кеңесiнiң мүшесi атанған болатын.
Baq.kz