Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП ІРІ САУДА ҮЙЛЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

СӘУІР АЙЫНАН БАСТАП ІРІ САУДА ҮЙЛЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

     Ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті еліміздегі ірі ойын-сауық кешендері мен сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігінің сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл жөнінде брифинг барысында ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің басшысы Рүстем Ысқақов мәлімдеді.
 «Қазір біз прокуратураның тапсырмасы бойынша қаупі жоғары сауда орындарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жүмыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Тексеру жүргізу барысында ең бірінші өрт шыққан жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялар талаптарының сақталуына назар аударылады. Яғни, бұл эвакуациялау жолдарының болуы, есіктердің кілтсіз еркін ашылуы, эвакуациялауға арналған қосымша жолдарға нұсқаулар қойылуы. Екіншіден, өрт көзін жою және оның таралу жолдарын жою әдістеріне. Яғни, электр желілері мен жабдықтарының дұрыс монтаждалуы, олардың сенімділігін тексеру, жанғыш заттардың сақталу талаптары. Үшіншіден, өрт шыққаны туралы адамдарға хабарлау жүйелерінің болуы мен олардың дұрыс жұмыс жасауы. Міне, ең алдымен осыларға назар аударылады», - деді Ысқақов.
Сонымен қатар, тексеру барысында кешен қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайда әрекет жасау дайындығына ерекше назар аударылып, олармен нұсқаулықтар жүргізілетінін айтты
30 наурыз 2018 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 519 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам