ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 40 ПАЙЫЗДАН АСТЫ
Қызылорда облысында соңғы бір жылда электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 3,5 есеге артып, 40 пайызды құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Абзал Мұхимов Шиелі ауданында ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі» барысында мәлімдеді.
Департамент электронды қызметтерді алу үлесін арттыру мақсатында биылдан бастап шалғайдағы ауыл тұрғындарына «E-Gov» порталымен жұмыс жасау дағылдарын үйретуді қолға ала бастады. Осы мақсатта Шиелі ауданында тұңғыш рет «Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, Департаменттің бастамасымен Коғамдық кеңес отырысы өткізіліп, Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер мен аудандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі қаралды.
Айта кетейік, электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған мұндай кешенді шаралар Қызылорда облысы бойынша аудан деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.