Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес  «Сыр еркесі»  мемлекеттік балабақшасы базасында Коммуникативтік тілдік дағдылар «Балалардың еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында №4 аймақ әдістемелік бірлестігіне қарасты аймақтық семинар өткізілді.
Бұл шара балалардың коммуникативтік тілдік, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
 Аталған шараға №4 аймақтық әдістемелік бірлестікке қарасты мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.
Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасы аясында 2012 жылы ашылған «Сыр еркесі» балабақшасы 240 баланы тәрбиелеп келеді.
Семинарды әдістемелік бірлестік жетекшісі З.Ш.Ерназарова ашты.  Ол  қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру арқылы бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру керектігіне тоқталып өтті. Одан кейін «Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиешілері дайындаған жұмыстары көрсетілді.
                                                   Айтолқын АЙТЖАНОВА.
04 сәуір 2018 ж. 1 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 653 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам