Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЛАНЫҢ ЕРКІН БЕЙІМІ

БАЛАНЫҢ ЕРКІН БЕЙІМІ

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес  «Сыр еркесі»  мемлекеттік балабақшасында «Балалардың еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында №4 аймақ әдістемелік бірлестігіне қарасты семинар өткізілді. 2012 жылы ашылған «Сыр еркесі» балабақшасы бүгінде 240 сәбиге тәлім-тәрбие беріп келеді. Бұл шара балалардың коммуникативтік тілдік, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыра отырып, табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Аталған шараға №4 аймақтық әдістемелік бірлестікке қарасты мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.
Семинарды әдістемелік бірлестік жетекшісі З.Ерназарова ашты.  Ол  қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру арқылы бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттігіне тоқталып өтті. Одан кейін «Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиешілері дайындаған жұмыстары көрсетілді. Мәселен, сөйлеуді дамыту әдісі бойынша «Еркетай» ортаңғы тобының жетекшісі Қарлығаш Арысбаева «Қызғалдақ» өлеңі тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Бұл оқу қызметінде тәрбиешілер жаңа инновациялық технологияларды кеңінен қолданып, Гүлдер әлеміне аттанды. Онда балалар әсемдікті сезініп, табиғатты аялауды үйренді.
Ал, «Жаратылыстану» оқу қызметінде «Ұлан» ортаңғы тобы «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында қарапайым тәжірибе жүргізді. Оқу қызметі балақайларға өте қызықты өтті. Бүлдіршіндер бөлме гүлдерін егуді, қалай күту қажеттігін, оларға қамқорлық танытуды үйренді. 
Аймақтық семинар мазмұндылығымен ерекшелене түсті. Оның ішінде «Дарабоз» ересектер тобы «Ең әдемі гүл» ертегісі бойынша драмалық оқу қызметін ұсынды. Балалар ертегi кейіпкерлерінің рөлін сомдап, шығармашылық қабілеттері мен қарапайым тілдік түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, аталған шарада бүлдіршіндер  ағылшын және орыс тілінде сахналық қойылымдар көрсетіп өздерінің дарындылықтарын таныта білді.
«Сыр еркесі» балабақшасында ән, би және спорттың  таэквондо түрі бойынша үйірмелер бар. Бүгінгі семинарда үйірмеге қатысып жүрген балақайлардың өнерлері көрсетілді. Бүлдіршіндер жетіген аспабы арқылы ән айтып, би биледі. Таэквондадан түрлі жаттығулар көрсетіп, үлкендердің қошеметіне бөленді. Балабақшада көрме ұйымдастырылып,  онда ұлттық өнерге сай қолдан  жасалған дидактикалық ойындар мен материалдар қойылды.
 Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Қатысушылар ұсыныстарын жеткізді. Ризашылықтарын білдірді.
                                                          Айтолқын АЙТЖАНОВА.
09 сәуір 2018 ж. 1 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 075 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам