Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚМЕШІТКЕ АЯЛДАҒАН ОТ АРБА

АҚМЕШІТКЕ АЯЛДАҒАН ОТ АРБА

    Көнеден керуен тартқан тарихтың алтын көмбесі – Ақмешіт музейі филиалында қара түтін будақтап келе жатқан паровоздың ескі суреті зал экспозициясының төрінде көзге оттай басылады. Филиал меңгерушісі Кенжекүл Ахметованың айтуынша, Перовск станциясы теміржол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан Үкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде осы қызыл паровоз жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберіліпті. Сөйтіп, оған бүкіл ұлт зиялыларын тиеп, елдің жаңа ордасына қоныс аудартыпты. Бұл сурет – сол тарихи сәттен құнды дерек болып қалған әдемі естелік екен. Осылайша бүкіл ұлт зиялылары жаңа астанада бас қосып, осында қазақ-кеңес әдебиетін негіз салды. Мұндағы «Ақмешіт, Перовск, Қызылорда» қаласы жайлы тың мәліметтер жалғыз бұл емес. Музей қабырғаларынан орын алған әрбір сурет шерлі шежіреден сыр ақтарып тұрғандай.                                                                                                     Жалпы, өткен ғасырдың басында Перовск қаласы тарихында ерекше оқиға орын алып, ол шаһар өркениетінің өрге басуына айтарлықтай түрткі болды. Ол – Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы еді. Осы жолдың салынуына байланысты қалада станция, вокзал, депо, вагондар жөндеу бөлімшесі, азық-түлік, жүк қоймалары, паровоздарға су құятын қойма, Сырдариядан су айдайтын станция, теміржолшыларға тұрғын үйлер, әкімшілік нысандар бой көтере бастады. Жұмысшылар қатары күрт өсті. Мұндай қарқынды қозғалыстар қаланың дамуына үлкен ықпалын тигізді.         1901 жылы 21 сәуір күні патша Николай ІІ Орынбор-Ташкент теміржолын салудың жобасын бекітіп, қаражат бөлуге жарлық шығарды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан 2 бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, солтүстік бөлігі губерниясы Торғай, Орал облысы, Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары көп ұзамай-ақ басталып кеткен. Аталмыш темір жолдың ұзындығы 2000 шақырымнан астам аумақты құрады. Тәулігіне екі бағытта 22 жұп пойыз өтуін қамтамасыз ететіндей жобаланған. Оның ішінде басым бөлігі қазақ жерімен жүретіндігіне аса басымдық берілген. Ол үшін арнайы Орынбор мен Ташкент арасында 72 станция, 159 разъезд, 17 ірі көпір салу жоспары бекітіледі.                                                                                              1906 жылдан бастап Орынбор мен Ташкент арасында адам және жүк тасу пойыздары үздіксіз қатынай бастады. Бұл өз кезегінде тек Перовск қаласы емес, бүкіл өлкенің өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Қазіргі таңда да қаланың шойын жол бойында қоныс тепкендігі оның жан-жақты даму қарқынына айрықша ықпал етуде. Бүгінде мұндағы аудандар мен оларға қарасты елді мекендердің басым көпшілігі теміржол нүктесіне жақын орналасқан.      
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
09 сәуір 2018 ж. 1 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам