ЕРТЕГІШІ АЛТЫНАЙДЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Қаламыздағы ең жас жазушы ретінде танылған Алтынай Беріктің ертегілері мен өлеңдері жинақталған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Ол үстіміздегі жылдың ақпан айында облыс әкімінің қолдауымен 1000 болып дана жарық көрген.
Тұсаукесер рәсімі өңірлік коммуникация қызметінің орталығында өтіп, оған «Сыр Медиа» ЖШС бірінші орынбасары Қаныбек Әбуов, Алтынайдың ұстазы Гүлмира Тәшімова қатысты.
Ертегіші Алтынай 7 жасынан сүрет салып, кейіннен ол суреті арқылы ертегі құрастырған. №267 мектептің 6-сыныбында оқитын ол жастайынан оқу-білімге зерек болған. Соның нәтижесінде мақалалары 2014-ші жылдан бастап «Балдырған»,«Ақжелкен»,«Ертегілер елінде»,«Ұлан» республикалық газет-журналдарында жарық көреді.
Алтынай 2016 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ізгі ниетін білдірген хат пен қолтаңбасы қойылған «Еуразия жүрегінде» кітабына ие болған. Сондай-ақ, көптеген республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері.
Қазіргі таңда Алтынайдың 40 тан астам ертегілері,30 шақты өлеңі және 30-ға жуық әңгімелері бар. Ертегіші қыздың алға қойған мақсаты – елге танымал ақын, журналист болу. Таудай талабы бар талантты қызға бізде сәттілік тіледік.
А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.