Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУЫЛДАҒЫ АЛМА БАҒЫ

АУЫЛДАҒЫ АЛМА БАҒЫ

    Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Осындай оңды бастамалар нәтижесінде Жалағаш ауданында бұл саланың  көкжиегі кеңейіп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз туры барысында сол бағытта атқарылған жұмыстар барысы таразыланды.  
Алғашқы нысан – Жалағаш аудандық индустриалды-аграрлық колледжінің жылыжайы. Қазір мұнда студенттер өзге мамандықтардан бөлек, «Фермер» мамандығы «Жеміс және көкөніс өсіруші» біліктілігі бойынша оқиды. Олардың білімін тәжірибе жүзінде шыңдау үшін жылыжай ашылды. Ол өткен жылы БҰҰ өкілдігінің ПРООН бағдарламасы аясында мемлекеттік грант негізінде орнатылды. Аталған жобаның құны – 3,2 млн. теңге. Бұл жерде студенттерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, жылыжайға жылу жүргізіліп, тамшылатып суару жүйесі іске қосылды. Колледж басшысы Ғани Серікбаевтың айтуынша, бүгінде мұнда қияр, қызанақ, шалғам, аскөк, ақжелкен және гүлдер егілген.
Баспасөз туры әрі қарай Жалағаш кентінде орналасқан «Тәтті» наубайханасында жалғасты. «Гаюпова» жеке кәсіпкерлігіне қарайтын нан және кондитерлік өнімдерін шығаратын цех 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір төрт адамды тұрақты еңбекпен қамтып отыр. Цех басшысы Әйгерім Каюпова мемлекеттік бағдарлама бойынша 4 млн. теңге жеңілдетілген несие алған. Соның нәтижесінде наубайхананың тіл үйірер тәттілеріне сұраныс көп.
 Аққұм ауылдық округіндегі мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған «Нұрболат» қожалығы көпке үлгі боларлық істерді атқарып келеді. Нұрболат Абдраманов басқаратын шаруа қожалығында 60-қа жуық мүйізді ірі қара бар. Мемлекеттен қолдау тапқан ісін жеке кәсіпкер әрі қарай жетілдіруді көздейді. Сөйтіп, жұмыссыз жүрген ауылдастарын да осы салаға тартып, өз кәсіптерін ашқандарын қалайды.
Ауданға қарасты Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Құрманбай ата» шаруа қожалығының алма бағы – талайға өнеге боларлық өркенді іс. Аталған қожалық 2011 жылы құрылған. Қариялардың айтуынша, ауылда бұрын алма бағы болған екен. Кейіннен жойылып кеткен. Осыған орай туған жерін түлетіп, аталған орынды қайта жаңғыртуды жеке кәсіпкер Еркін Бекжанов қолға алды. Ол өз қалтасынан 20 млн. теңге қаржы бөліп, ауыл іргесінен жер алып, 13 мың түп алма ағашын егуде.
– Кеңес үкіметі кезінде осы ауылда алма бақ болды. Кейін қараусыз қалғандықтан ізін де таппай қалдық. Мен сол бақта бағбан болған едім. Қазір қуанышымда шек жоқ. Ісімізді Еркін баламыз жалғастыруда. Қаншама адамға жұмыс тауып берейін деп отыр. Кәсібіне береке берсін дегім келеді. Қазір алма ағашының біреуін болсын өз қолыммен егіп кетейін деп арнайы келдім, – деді 94 жастағы ақсақал Әшен Убайдуллаев.
Кәсіпкердің де көздегені – алақандай ауылын жасыл-желекке, саялы баққа айналдыру. Қазірдің өзінде мұнда жеті мыңға жуық алма ағашы отырғызылды.
                                                                     Ақмарал ОЛЖАБАЕВА
17 сәуір 2018 ж. 1 587 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам