БАЛАБАҚШАДА ҚОЛӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Аталған шара туған қаламыз бен отбасы, балабақша ынтымақтастығын нығайту, үлкендер еңбегін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған. Сондай-ақ, бүлдіршіндер қалдық заттардан әсем бұйымдар дайындауды үйренді.
Байқауға целлофан қалта, моншақ, қаушақтар, жұмыртқа салатын картон қағаздар, қиынды маталар секілді қалдық заттардан жасалған түрлі жұмыстар ұсынылды. Қолмен өнер өрнектеудің нәтижесінде қаламыздың көрнекті нысандары – Қорқыт Ата ескерткіші, «Сыр Ана» монументі, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандар бейнесі көрініс тапты.
Шара соңында қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Балабақшада атқарылатын түрлі жұмыстарға ата-аналарды тарту арқылы бүлдіршіндерді тәрбиелеудің маңызы зор. Мәселен, бүгінгі шара негізінде олар ата-анасымен бірге қолөнер бұйымын жасай отырып, еңбектенуге, шығармашылықпен ойлай білуге, әсемдікті сезінуге үйренді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.