ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАМА

Бұл шараны мектеп директоры Қадыркүл Шаймағанбетова ашып, жаңартылған білім беру мазмұнындағы басты ерекшеліктерге тоқталып өтті. Одан кейін № 176 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары дайындаған жұмыстары көрсетілді. Мәселен, «Сыр шаһары Қызылордаға – 200 жыл» тақырыбында еңбек пәнінен жасалған бұйымдар қойылған көрмеде қаламыздың көрнекті нысандары – Қорқыт Ата ескерткіші, «Сыр Ана» монументінің бейнелері 3D форматында көрініс тапқан.
Аймақтық ашық есік күнінің қорытынды бөлімінде білім беру саласына байланысты «Цифрлық дәуір – төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу жолы» тақырыбында облыстық деңгейдегі түрлі маман иелерімен дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.