ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ

Аталмыш интерактивті сабақтардың құтқарушылармен өткізілуі бірінші рет емес, бұл ОӨАЖҚЖ құтқарушыларының жұмысында үйреншікті тәжірибегеайналды.
Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» ғылыми практикалық орталығында сүңгуір бөлімінің бас құтқарушысы Ролан Абдикалыков және медицина-психологиялық бөлімінің медбике-құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева су айдынында зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсету тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Сонымер қатар олар судағы қауіпсіздік ережесін, төтенше жағдайлардың алдын алу, және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.
Онлайн режимде өткен интерактивті сабақ слайд және бейнероликтерді көрсете отырып өткізілді.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы.