ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨНЕР АРБАТЫ АШЫЛДЫ
Бүгін, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні Қызылорда қаласында жергілікті қолөнершілер, суретшілер мен шеберлердің өз туындыларын насихаттауына мүмкіндік туғызатын Өнер арбаты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өнер арбаты жобасы облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынып отыр. Игілікті іс Қызылорда қаласының 200 жылдығына орайластырылып отыр. Ашық аспан астындағы мәдени орын халықтың жергілікті шеберлері әзірлеген түрлі дүниелерімен етене танысуына жол ашатын болады. Өнер арбаты жыл бойына халыққа қызмет көрсетеді. «Өнер арбаты кәсіби және әуесқой суретшілер, қолөнер шеберлері шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Туындыларын жарнамалауға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, бұл орын халықтың рухани демалатын қоғамдық-мәдени мекеніне айналады деген сенім зор. Оған қоса өнер адамдары шеберлік дәрісін өткізе алады. Сонымен қатар, қала қонақтарын Сыр өңірінің өнері мен мәдениетімен таныстыратын арнайы орын болады. Қысқасы, бұл жер суретшілер, қолөнершілер және шеберлердің шабыт алатын орнына айналады», дейді облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.
Қызылордада Өнер арбаты ашылды 2018 жылғы 1 мамыр 17:06 416 Бөлісіңіз: ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Бүгін, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні Қызылорда қаласында жергілікті қолөнершілер, суретшілер мен шеберлердің өз туындыларын насихаттауына мүмкіндік туғызатын Өнер арбаты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ресейдің танымал әншісі Елена Воробей қазақ тілінде ән шырқады Түрлі ұлттардың бірлікте өмір сүріп жатқаны қуантады - Тәжік мәдени орталығының төрағасы Семейде 600 литр қымыз тегін таратылды Өнер арбаты жобасы облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет және архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынып отыр. Игілікті іс Қызылорда қаласының 200 жылдығына орайластырылып отыр. Ашық аспан астындағы мәдени орын халықтың жергілікті шеберлері әзірлеген түрлі дүниелерімен етене танысуына жол ашатын болады. Өнер арбаты жыл бойына халыққа қызмет көрсетеді. «Өнер арбаты кәсіби және әуесқой суретшілер, қолөнер шеберлері шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Туындыларын жарнамалауға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, бұл орын халықтың рухани демалатын қоғамдық-мәдени мекеніне айналады деген сенім зор. Оған қоса өнер адамдары шеберлік дәрісін өткізе алады. Сонымен қатар, қала қонақтарын Сыр өңірінің өнері мен мәдениетімен таныстыратын арнайы орын болады. Қысқасы, бұл жер суретшілер, қолөнершілер және шеберлердің шабыт алатын орнына айналады», дейді облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова. Өнер арбатының ашылу салтанатына келген қызылордалықтар мен қала қонақтары қолөнер шеберлері мен суретшілердің қиялынан туған сан алуан дүниелермен жан-жақты танысты. Сондай-ақ, мұнда үрмелі аспаптар және вокалды аспаптар оркестрлерінің өнерпаздары халыққа өнерін көрсетсе, жас ақындар мен өнерпаздар, скрипкашылар да өз туындыларын тарту етті. Шара барысында әртүрлі ұлттық ойындар, аға буын мен жастар арасында түрлі сайыстар өткізілді. Кішкентай өрендер «Бесік тербеткен ана» бейнесіндегі кіші архитектуралық белгінің маңына гүл отырғызды. «Сыр өңірі - қашанда өнерге бай. Мұндай қаншама қолөнер шеберлері аймақтың абыройын асқақ етіп келеді. Елімізде өткен халықаралық шараларда да олар жоғары бағасын алып жүр. Атап айтқанда, бізде темірден түйін түйген ұсталар, ағаштан ғажап дүниелер жасайтын шеберлер, қылқаламмен сан алуан туындыны салатын суретшілер және өзге де қолөнерші азаматтар аз емес. Мен ши тоқу ісімен айналысып келемін. Алғашқыда сурет салумен айналыссам, енді аталмыш іске көңіл бөліп жүргеніме 16-17 жылдың жүзі болды. Қызылорда қаласында Өнер арбатының ашылып жатқанына қуаныштымын. Бұрын мұндай орындарды Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, еліміздің Астана және Алматы қалаларында бар екенін білетін едік. Облыс басшылығының қолдауымен тұсауын кесіп жатқан бұл орынның жергілікті жұртқа берері көп», дейді Шиелі ауданынан келген қолөнер шебері Зылиқа Қалендер.
1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай Қызылорда қаласында мотошеру ұйымдастырылып, ол Тұңғыш Президент саябағынан бастау алып, Қорқыт ата ескерткішіне келіп тоқтады. Дәл осы күні Қызылорда демалыс паркі де өз жұмысын бастады. Парк биыл өз тарту-таралғысымен келіп отыр. Онда көптеген жаңа атракциондар, демалыс орындары ашылды. Бұл орында енді жануарлар бағы да жұмыс жасап, онда жергілікті жердегі көптеген жан-жануарлар болады деп күтіліп отыр. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада Өнер арбаты ашылатыны жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Әділжан Үмбет