«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ СӨЗ БОЛДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын кеңейту мақсатында «Үш тұғырлы тіл- мемлекет ертеңі» атты пікір-сайыс ұйымдастырды.
Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғанын, сондықтан да, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатынына тоқталды. Елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлей алуы Қазақстандық демократияның айқын көрінісі екені және осындай саясат арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз деген пікірлер айтылды.
Осы мәдени шараға «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.